ЕЛБАСЫНЫҢ ҮНДЕУІ Жанға ЖАҚЫН

нан

Халық  мүддесіне  сай

25 жыл толған Тәуелсіздік тарихында Қазақ елі ғасырларға бергісіз қияндар мен биіктерден асу кезеңдерін бастан өткерді. Дамудың еш мемлекетте бұрын-соңды болмаған  қазақстандық модулін жасақтап, президенттік билікті орынды, әрі тиімді пайдалана да білді.

Иә, әлемдік қоғамдастықтың белді бір мүшесі ретінде Қазақстан да өз мемлекеттік құрылымын еліміздегі, сонымен қатар, жер-жаһандағы саяси-экономикалық ахуалдың реті мен сұранысына орай өзгеріске ұшыратуы заңдылық. Осы ретте күні кеше қазақстандық телеарналардан көрсетілген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі дер кезінде қолға алынған, стратегиялық мақсаты басым іс дер едім. Аз уақытта мәні зор, ел мүддесіне толықтай жауап беретін сөздер айтылды. Үндеуге – ол біздің тағдырымыз, ол Алаш жұртының ертеңіне алаңдаушылық, – деп баға берсек орынды болар.
Елбасы өз сөзінде: «…Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға берген жөн. Сонда бұл салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады» – деп, баса айтты. Бұл шешім арқылы аталған органдар халық алдындағы жауапкершілік миссияларын сезініп қана қоймай, оны ұлғайта түсетіні анық. Яғни, өз беттерінше әрекет жасау арқылы ел әлеуетінің көтерілуіне айтарлықтай әсер ете алмақ.
Парламент сайлауында жеңіске жеткен партияның да құзыры өсе түспегі қуантады. Олардың үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал етуіне даңғыл жол салынып отырғаны да еліміздегі демократияның асқақтығын паш етеді.
Халық мүддесіне сай келер қандай да бір шешім-қарарларға елең етер жұрттың бір өкілі ретінде бұл Үндеу басқадан өзгерек, ел үшін маңызды, тағдыршешті дүние демекпін.
Дәуіт Қәдірханов,
аудандық қоғамдық
кеңестің мүшесі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *