Атақты математик ауылдастарымен кездесті

1513227844_1

Елімізге ғана емес, бүкіл әлемге танымал математик, Қордай жерінің тумасы Мұхтарбай Өтелбайұлы жерлестерімен кездесті. Қордай ауданындағы №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебінде өткен кездесуде М. Өтелбайұлы мектеп оқушыларымен басқосу өткізіп, олардың түрлі сұрақтарына жауап берді.

Жиында мектеп оқушылары ғалымға өздерінің ғылыми жобаларын таныстырды. Қазіргі заманауи білімнің тиімділігін атап өткен математик оқушылар еңбегіне оң бағасын берді.

Шарада атақты жерлесіміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбевтің «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласына байланысты ойларымен де бөлісті. Мақаланың ұлт болашағы үшін маңыздылығына тоқталып өтті.

Шара соңында жерлестері математикке шапан жауып, сый-сыяпат білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, Мұхтарбай Өтелбайұлы 1942 жылы 3 қазанда Қордайдың Қаракемір ауылында дүниеге келген. Физика-математика ғылымының докторы , профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *