Аудан әкімі Мейірхан Өмірбековтың ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтауы

Құрметті меркіліктер!
Баршаңызды дәстүрлі мемлекеттік мереке – ҚР-ның Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн – ата-бабаларымыздың арманының Қазақ жерінде салтанат құрған күні. Тарих сахнасына еркіндікті ту етіп, ынтымақты ұран еткен Тәуелсіз Қазақ елінің бой көтерген күні. Өз аузына өзінің қолы жетіп, еңсесін тіктеп ұстап, өзінің қалауымен өз Президентін сайлаған күні.
Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуы мен нығаюына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Тұңғыш Президент ретінде қосқан үлесі зор екендігіне қазақ халқының Тәуелсіздік жылдарындағы тарихы куә. Тәуелсіз Қазақстанымыздың қалыптасуы мен дамуы жолында ерекше рөл атқарған тұлға ретінде біздің жаңа тарихымыздың бастауында Елбасы есімінің тұратындығы да шындық.
Тарихи тұрғыдан зерделесек, қас-қағым сәт саналатын санаулы жылдардың ішінде еліміз сындарлы тұстардан сүрінбей өтіп, ауқымды реформаларды жүзеге асырды. Бүгінде Қазақстанның әлем қауымдастығы алдындағы абыройы биік, мәртебесі жоғары. Осы жылдар ішінде мемлекетіміздің орнығып, зор жетістіктерге бастау болатын инновациялық үрдістерді жеделдетудің негізі қаланды.
Елбасы жолы – Қазақстан дамуының айырықша сара магистралі. Оның бойындағы кернеудің бірден бір өлшемі – Тұрақтылық. Сол арқылы болашаққа жоспарлар қойып, ойдағыдай орындай аламыз. Елбасының әрдайым еске алатыны: «Біз шыңның басына шыққанша әлі көп бар, бос белбеу болмайық. Орта жолда қожырап қалмайық». Жүзеге асырмақ 5 халықтық реформаның көздейтіні де сол. Өне бойы қажыр-қайрат пен жігерге толы Қазақстан өз Көшбасшысымен ХХІ ғасырдың аса биік сатыларымен бір қадамнан соң бір қадамға, бір күннен соң бір күнге, бір жылдан соң бір жылға алға басып келеді.
Еліміздің дамуы барысында саяси бостандықтан экономикалық бостандықты басымдыққа алған Елбасы елдің әл-ауқатын көтеру үшін «Қазақстан –2050» Стратегиясын бекітті.Көздеген мақсатқа нық қадаммен жету үшін Бәсекеге қабілетті болу шартын қойды. Меженің ауқымы кең болуы үшін бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарын нысанаға алды.
Шынында да, еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Елбасы саясатының арқасында елімізде жүзеге асырылып отырған игі істердің бір парасын ауданымыздан да көруге болады.
Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық ахуалын бұдан әрі жақсарту мақсатында бірқатар жұмыстар атқырылуда. Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамытуда мемлекеттік бағдарламалар іс жүзіне асырылуда. Жаңа денсаулық мекемелері, заман талабына лайықты мектептер мен балабақшалар пайдалануға беріліп, олардың материалдық-техникалық базалары жақсаруда.
Құрметті жерлестер!
Ынтымағымыз бен татулығымызды, бірлігіміз бен берекелі тірлігімізді паш етіп, бір мақсат жолында топтасқан елдігіміздің тағы бір белгісі болған мерейлі мерекеміз – ҚР Тұңғыш Президенті күні ел-жұртымызға құт-береке, тыныштық, толайым табыстар мен қуаныш әкелсін!
Мереке құтты болсын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *