Жол мәселесі шешімін таппақ

DSC_0019 копия

Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер, оның ішінде, төртінші – көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру бағыты бойынша атқарылатын жанды жұмыстардың бастауы ауданымызда да көрініс табуда.

Әлихан Атыханұлы, (сурет  автордікі), «Меркі   тынысы».

Осы ретте, өткен сейсенбіде Т.Рысқұлов және Тәтті ауылдық клубтарында республикалық маңызы бар «Меркі-Шу-Бурылбайтал» 7-273 шқ. автомобиль жолының «Меркі-Шу» 6+822 – 93+839 шқ. участогын қайта жаңарту құрылысы жобасына жобалау-сметалық құжаттарын дайындау жұмыстары бойынша қоғамдық тыңдау жиындары болып өтті.
Бұл республикалық маңызы бар жол аталған ауылдар арқылы өтетіндіктен жиындарға олардың тұрғындары (суретте), жол бойында орналасқан бірқатар шаруа қожалықтарының басшылары, сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ-ы, «Құрылыс жөніндегі дирекциясының» Астана қаласындағы экология және әлеуметтік сұрақтар бойынша маманы Әлия Зейнуллина, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ-ы «Құрылыс жөніндегі дирекциясы» Жамбыл облысы бойынша басқарушы директоры Айжан Туғанова, «Каздорпроект» ЖШС-нің бас инженер-жобалаушысы Аида Нұрхамытова мен экологы Берік Нәпенов және құрылысты жүргізуші қытайлық «Синьсин» компаниясының өкілдері мен аудан әкімінің орынбасары Бақытхан Әбжапаров, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Бекнұр Юсупов, т.б. жауапты қызметкерлер қатысты.DSC_0019 копия
Жиынға төрағалық еткен Б.Әбжапаров көлік ағынын тиімді басқару, ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салу сияқты Елбасы тұжырымдарына тоқталды. Одан әрі жиынның мақсатын кеңінен түсіндіріп, салынбақ жолдың жобалау-сметалық құжаттарын өз деңгейінде дайындау барысында елді-мекен тұрғындарының заң шеңберінен аспайтын ұсыныстары мен ескертпелері қабылданатынын жеткізді.
Келесі кезекте жоғарыда аталған астаналық, облыстық мамандар мен мердігер компания өкілдері егер құжаттары түгел реттелсе, биылдан бастау алып, 4-5 жыл көлемінде толық пайдалануға берілетін жол құрылысы турасында арнайы стендтегі кескіндер мен жобалар арқылы егжей-тегжейлі мәліметтер берді.
Жарыссөз уақыты кезінде белгілі азамат Д.Садыров «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізін салу кезінде орын алған бірқатар келеңсіздіктер, оның ішінде, жергілікті тұрғындар мен малшы-диқан шаруалардың жұмыс жасауына тиімсіз тұстары, әсіресе, бұрылыстардың аздығы немесе мүлде жоқтығы мен айналма жолдардың ұзақ болуы сияқты «әттеген-айларды» сөз етіп, жаңа жолда ондай олқылықтардың қайталанбауын халық атынан өтініш ретінде сұрады. Ал, өзінің бірқатар ой-пікірлерімен бөліскен «Жылы бұлақ» ЖШС-нің басшысы А.Әкетаев болашақ салынатын жол бойында жер телімі бар екенін, ол мемлекеттік қажеттілікке сай алынатындықтан оның шығынының өтелу механизмдері туралы сауал қойды.
Ал, ауыл тұрғындарын мазалаған негізгі, жалғыз сұраққа келсек, ол аталмыш жолдың ауылдарға кірер тұстары, көшелерге апарар бұрылыстары туралы болды. Бұл жайында да мамандар тарапынан тұщымды жауаптар беріліп, көпшіліктің ұсыныстары ескерілетініне басымдық жасалды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *