«Советте» өткен пайдалы жиын

DSC_0023 копия

Сәрсенбі күні облыстық Фермерлер одағы қолдап, аталмыш одақтың аудандық филиалының төрағасы, «Совет» шаруа қожалығының басшысы Совет Қалманбетовтың ұйымдастыруымен осы қожалықтың базасында екі бағыт бойынша семинарлар болып өтті.

Әлихан НҰРАЛИЕВ  (суреттер  автордікі), «Меркі тынысы».

Жамбыл облысы Фермерлер одағының төрағасы Жигули Дайрабаев, аудан әкімдігі ауылшаруашылық бөлімінің бас мамандары Алмас Ерғазыұлы мен Альбина Қазыбаева, Тараз қаласы және облысымыздың Т.Рысқұлов, Шу аудандары мен жергілікті бағбан, диқандардың көптеп қатысуымен (100-ге жуық) өткен семинардың алғашқы бағыты «Совет» шаруа қожалығының осыдан 3 жыл бұрын тігілген 20 гектар қарқынды алма бағында болды. Бағбандардың қазіргі таңда жасалатын артық бұтақтарды күзеу (обрезка) жұмыстарын бірлесе жүргізіп, сол арқылы өзара тәжірибе алмасуды мақсат еткен дала семинарында «Агрокомплекс» ш/қ-ның агрономы Владимир Осипов өзінің осы «Совет» қожалығында да агрономиялық жұмыстар бойынша кеңесші екенін айтып, үлгі ретінде алма бақты күзеу жөніндегі бағбандарға аса қажет сырларымен, құнды құпияларымен кеңінен бөлісті (суретте). Алманың өнімділігі артуына негіз болатын бұл жұмыста өзіндік ой-пікірлерін ортаға салған «Балабек» шаруа қожалығының жетекшісі Казим Рустемов, Жамбыл ауылдық округінің Жеміс-жидек ауылының тұрғыны, белгілі бағбан Вадим Мамедовтың да жиналған көпшілікке айтары мен көрсетері мол екені осы семинар барысында белгілі болды.DSC_0023 копия DSC_0053 копия
Семинар жұмысына қатысқан Тараз қаласы маңындағы шайқорықтық «Сады Востока» шаруа қожалығының жетекшісі Алтайыр Досымбеков, шулық «Берік» шаруа қожалығының басшысы Серік Асылбеков және өзіміздің ақаралдық диқандар Ерғали Бекасылов пен Саламат Балғынбаевтардың да жұртқа жеткізер жүйелі ойлары астарынан бұл саламен «сәлемдері» бұрыннан дұрыс екенін аңғардық.
Білмегенін біліп, білгеніне қосымша дәріс алған көпшілік Совет Аманжанұлына бүгінгі жиын үшін алғыс айтқан соң семинардың екінші бөлімі басталды. Осындағы кең бөлмеде өткен жиынға негізінен, өсімдік тектес табиғи заттардан өндірілетін түрлі микротыңайтқыштарды әлемнің 64 елінің нарығына шығарушы испаниялық «АгритекноФертилизантес» (испан тілінде «тыңайтқыш» – деген мағынаны білдіреді) компаниясының өкілі Денис Рохас Родригес арнайы стенд арқылы өз өнімдері туралы ақпарлармен таныстырды (суретте). Одан кейін аталған компанияның ҚР бойынша жұмыс жасаушы эксклюзивті өкілі, Алматыдағы «A.S.k. Technik» ЖШС-нің маркетологы Альбина Гищук пен сату бөлімінің маркетологы Самат Ищанов және т.б. бақ өнімдерін, жүгері мен қант қызылшасы және соя өсірудегі жаңа технологиялар, пневматикалық бұтақ кескіштер (секатор), агроменеджмент, сатылатын жоғары өнімді ұрықтар, өсімдіктерді түрлі зиянкестерден жапырақ немесе тамыр арқылы қорғау өнімдері, сондай-ақ, органикалық микротыңайтқыштарды қолданудың артықшылықтары турасында бейнебаян көрсетіп, кестелер бойынша кең түсініктер берді. Оның нәтижесінде көптеген диқандар аталған компанияның өнімдерін пайдалануға деген құлшыныстарын байқатып, бірлесе жұмыс жасауға дайын екендіктерін білдірді. Тапсырыс болған жағдайда компания өкілдері керекті тыңайтқыштарын, немесе басқа да өнімдерін «Совет» шаруа қожалығының қоймасына тікелей жеткізіп бермек болып уағдаласты.
Басқа дақылдарды да өсіру дұрыс-ау, дегенмен, соңғы жылдары қант қызылшасын өсірудің мемлекеттік тұрғыдағы стратегиялық қажеттілігі мен диқан үшін одан түсетін мол пайданы біртұтас қағида ретінде ұстанғанымыз шарт. Сондықтан шаруалардың алма өсіруден кейінгі басты көңіл аударғаны қант қызылшасынан мол әрі сапалы өнім алуда екенін айта кеткеніміз жөн. Оны осы семинар барысындағы шаруалардың ерекше қызығушылығынан да байқадық. Мысалы, «Трансфер» шаруа қожалығының басшысы В.Бондаренко өзі айналысып жүрген бағыттың қыр-сырын одан әрмен біле түспек ниетпен келген қонақтарға бірқатар сұрақтарын қойып, қызылша өсіру ісіндегі өз тәжірибесімен ұштаспаған тұстар бойынша керекті мәліметтер алды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *