Мемлекеттік рәміздерге құрмет неге жоқ?

DSC_2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы №873 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру Ережесінің» 2-ші және 3-ші бөлімдерінде тиісінше, ғимараттарға тұрақты тігілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына тәуліктің қараңғы мерзімінде жарық түсіп тұруға тиіс, – деп тайға таңба басқандай етіп жазылған. Бірақ, осы талаптар біздің ауданымызда, дәлірек айтқанда, Меркі ауылында, толық орындалмай отырғаны қынжылтады. Сөзіміз дәлелді болуы үшін төмендегі фактілерге жүгінейік.DSC_2014

Түнгі мезгілдерде бірнеше мемлекеттік мекемелердің ғимараттарының жоғарғы жағына ілінген мемлекеттік рәміздерге жарық мүлде түспей, қараңғыда тұрғаны, немесе, жарықтың жартылай, көмескі болып түскені байқалды.
Мысалы, 2018 жылдың 12 ақпаны күні орталық Ысмайылов көшесімен жүріп өткенде байқағанымыз:
– Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, аудандық білім бөлімдерінің, прокуратураның әскери комиссариаттың, аудандық мұрағат және статистика мекемелерінің ғимараттарында мемлекеттік символдарға жарық түсіп тұрса, аудандық орталық кітапхана ғимаратының жоғарғы жағындағы Елтаңбаға жарық түскенімен, Туға жарық түспей тұрды (суретте).
– Осы күні аудандық жұмыспен қамту бөлімінің, Қазынашылық мекемесінің, аудандық Мәдениет үйі мен музейдің ғимараттарында мемлекеттік рәміздерге (суреттерде) ешқандай жарық түспей тұрғаны қынжылтты.
–Сарымолдаев, Жамбыл және Меркі ауылдық округі аппараттарының ғимараттарындағы рәміздерге жарық анық түспейді.
– Орман шаруашылығы мекемесінің ғимаратында мемлекеттік рәміздерге жарық түсіру құрылғысы орналастырылған, бірақ жанбай тұрды.
– Халыққа қызмет көрсету орталығының, №44 және №18 А.Қосанов атындағы орта мектептерінің ғимараттарында ілінген ҚР-ның Туына жарық түспегендіктен, қараңғыда тұрды. DSC_2043DSC_2043
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы Конституциялық заңының (04.06.2007 жыл) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру» – деп аталатын
13-бабының 1-тармағында: «Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ, Республика аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті» – делінгенін ескерсек, жоғарыда аталған, жекелеген мекемелерде осынау талаптардың орындалмай отырғанын немен түсіндіруге болады?
Ә.Бекова,
Меркі ауылы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *