Елбасы жолдауы – халық назарына

DSC_0004 копия

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа арнаған биылғы Жолдауын жергілікті жерлерде жұртқа түсіндіру мен осы тарихи құжатты тұрғындарға барынша терең насихаттауды мақсат еткен облыстық ақпараттық топ мүшелері ауданымызда болды.

Әлихан Нұралиев, (сурет  автордікі), «Меркі   тынысы».

Аптаның алғашқы күніне дөп келген кездесулер ауданымыздың бірқатар мекеме-ұжымдарын қамтып, бұл басқосуларда жылдың басты жаңалығы саналған Елбасы Жолдауы туралы халыққа аса қажет, терең мағыналы ойлар қозғалды.
Осындай ашық форматты қалып алып, келелі де жанды сыр-сұхбат әңгімелер өрбіген жиынның бірі аудандық орталық емхананың акт залында болып өтті. Адам жанының арашасы шипалы қол дәрігерлер мен көп жағдайда жылылық мейірімінің өзі жанға дауа болатын медбикелер екені рас. Сондықтан болар, осы ақ желеңді абзал жандар алдында кездесу өткізген Жамбыл облысының шағын және орта бизнес қызметкерлерінің Жамбыл облысы бірлестігінің төрағасы, ақпараттық топ мүшесі Асанбек Наурызбаев өз жұмысын адам денсаулығының сақшысы – көпшілікке құрметпен қарап, олардың ерен еңбектеріне алғыс айтудан бастады (суретте).DSC_0004 копия
Сонымен, жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттілігінен туындаған «Қазақстан – 2050» даму стратегиясын қабылдау және озық дамыған 30 елдің қатарына кірудегі мақсатымыз, сонымен қатар, 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын жүзеге асыру сияқты басты бағыттарымыз жайлы да кеңінен әңгімелеген Асанбек Нілдебайұлы бүгінгі жиынның тақырыбы, жұртқа жайлы – Жолдау туралы терең түсінік, ашық ақпар берді.
Алдымен, өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолында не істеу керектігін айқындайтын Жолдауда қамтылған барлық 10 міндетке жеке-дара тоқталып, оларды халық жадына түсінікті әрі толық жеткізген облыстық қонақ, әсіресе, жетінші: «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты міндетке бірқатар басымдық жасады. Оның себебі де жоқ емес-ті. Осы 7-міндетте үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт туралы айтылғандықтан бұл саланың емхана қызметкерлеріне етене жақындығы нақ, ол белгілі. Міне, сондықтан А.Наурызбаев Жолдауда көрсетілгендей, қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен, аурудың алдын алуға бағытталуы тиістігіне, жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға, қазір дендеп кеткен онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдаудың қажеттілігі сияқты медицинаның өзекті деген тұстарына тоқталды.
Замана талабы – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі келелі әңгіменің арқауына айналса, ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік цифрлық қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу, «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің колжетімділігі мен тиімділігін арттырудың қажеттілігі де шешен тарапынан толық қозғалып, назардан тыс қалмады.
Жарыссөз кезінде сөз алған аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Бекболат Құрманәлі Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттер туралы өзінің ой-пікірлерімен бөлісті. Одан кейін облыстық қонақты ауданымыздағы медицина саласында атқарылған ауқымды еңбектер, сондай-ақ, алдағы жоспарлардың басты бағыттары турасында құлағдар еткен ауданымыздың бас дәрігері Б.Құрманәлі түсінік жұмыстары үшін Асанбек Нілдебайұлына деген ұжымның алғысын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *