Алғыс айту күні құтты болсын!

DSC_2353

Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, №173 Жарлыққа қол қойған болатын.
Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында Меркі аудандық сотының төрағасы Тасыбаев Дәулет Еркебекұлы «Меркі тынысы» газетінің бас редакторы Исаева Әтіркүл Тәжібекқызын қабылдап (суретте), мемлекет пен қоғам алдында атқарып отырған жұмыстары, оның ішінде сот төрелігі қызметіне жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, гүл шоғын ұсынды.
Кездесу кезінде аудандық «Меркі тынысы» газетінің алға қойып отырған мақсаттары мен сот саласы қызметімен өзара ынтымақтастықта жұмыс жасайтындықтары, барлық қызмет халық игілігі үшін екендігі сөз болды.

Добавить комментарий для REMONTdit Отменить ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *