Партия күні атап өтілді

Көктемнің алғашқы күні «Нұр Отан» партиясы үшін ерекше мәні бар, маңызды күн. Еске сала кетейік, бүгін — 1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні, яғни, 19 жыл толып отыр. Бүгінде «Нұр Отан» партиясының еліміздің ең басты саяси күшіне айналған партия екені сөзсіз. Айта кетсек, 1999 жылдың 1 наурызында жаңа партияның І құрылтай съезі өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев партияның Төрағасы болып сайланды.

Расул МАЛЛАБАЕВ  (сурет автордікі),  «Меркі тынысы».

Қазіргі кезде еліміздің ең басты саяси күшіне айналған партияның құрылған күніне орай, Меркі аудандық филиалының ұйымдастыруымен партия ардагерлері, белсенді партия мүшелері және партия аудандық филиалының бастауыш партия ұйымы төрағаларының басын қосқан салтанатты жиын болып өтті.
Алғашқы сөз кезегін алған партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Көкірекбаев:
– Құрметті партияластар! Қазір Қазақ елі дамуын басым үш бағытқа бейімдеп, саяси, экономикалық және рухани жаңғыруға ерекше екпін салуда. Еліміздегі басты партияның жұмысы соларға негізделуі керек деп «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осылай атаған, – деді. Одан әрі:
– Бүгінгі күні «Нұр Отан» партиясы жаңғыру, жаңару стратегиясын ұстанып, өз жұмысына тиянақтылықпен, қалай айналысу керектігін нақты біледі. «Нұр Отанның» негізгі міндеті – азаматтардың мүддесін қорғап, халық пен биліктің арасындағы алтын көпірге айналу болса, партия қоғамдық ұйым ретінде халықтың тұрмыс-тіршілігімен етене танысып, халықтың мәселелерін көтеріп, үкіметтің алдына міндеттеу керек. Сондықтан да бүгінде партияның қызметі жауапкершілік, ашықтық, тиімділік және есеп беру сынды ұстанымдармен құралған, – деп, бүгінгі таңда партия аудандық филиалының жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті.DSC_2510
Келесі сөз кезегін алған, партия ардагері Әметқұлов Амангелді партияның тарихынан біраз мысалдар келтірсе, «Санаторий» бастауыш партия ұйымының төрайымы Адешова Халбүбі, «Ақермен» бастауыш партия ұйымының төрайымы Қоңырбаева Мадина бастауыш партия ұйымдарына жүктелген партияның бағдарламалық мақсат-мүдделері мен партия органдарының шешімдерін тұрғындар арасында насихаттау мен түсіндіру, олардың жүзеге асырылуына тікелей атсалысу, партия қатарына лайықты адамдарды қабылдау сынды жұмыстарды атқару – үлкен жауапкершілік екенін тілге тиек етті.
Күн тәртібінің келесі кезеңі болып табылатын «Партия күні» мерекесіне орай, партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарды шақырып, салтанатты түрде партиялық билеттерін тапсыруға партия ардагерлері Амангелді Әметқұлов және Қырықбай Мамырбаев ортаға шығып, партия қатарына жаңадан қабылданған Ахметов Мұратқа, Каланчина Юлияға, Исмаилова Айгүлге, Мавлюдов Айвасқа, Жантайбаев Тоқтасынға, Тұрбеков Думанға партия билеттерін салтанатты түрде табыс етті.
Сонымен қатар, қоғамдық шараларға белсенді қатысып, партиямыздың игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген Қоңырбаева Мадинаны, Сансызбаев Ғабидинді, Жамешев Медетті, Адешова Халбүбіні, Құрамаева Нұрбаланы, Аманшаева Лаураны, Қанибетова Айгүлді 1 наурыз – партия күні мерекесіне орай Алғыс хаттармен марапаттап өтті.
Жиын соңында партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратбек Болысбекұлы ақжаулықты аналар, асыл әжелер мен арулар мерекесі – 8 наурыз мерекесімен құттықтап (суретте), жиынға қатысқан әйел азаматтарға ақ тілегін айтып, гүлдер ұсынды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *