ЖАҢАРҒАН ЖАСЫЛ АУЫЛ

DSC_0027

Алғыс айту күнімен бастау алған наурыздың басында ауданымыз бойынша елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша көктемгі екі айлықтың жүзеге асырыла басқаны белгілі.

Әлихан  НұрАлиев,  (сурет  автордікі)   «Меркі тынысы».

Осы жылдағы үрдіске қосымша болар биылғы жаңалықтар да аз емес. Оған тоқталсақ, наурыз айының 14-і көрісу күні болып белгіленсе, күн мен түн теңелер 22 наурызға дейінгі әр күн де құр қалмаған екен. Міне, осының бірі – 17 наурыз – Алас күні ауданымызда «Жайнай бер, жасыл Меркім!» – атты сенбіліктер болып өткен-ді. Осындай ұрпақ үшін сауапты, өзіміз үшін жауапты тірлік Меркінің батыс қақпасында орналасқан Ақтоған ауылының шетіндегі халықаралық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің бойында орын алды.
Осы күні Ақтоған ауылдық округінің әкімі Олжабек Қосубаевтың өзі бас болып, аппарат қызметкерлерінің бәрі, сондай-ақ, қоғамдық ақылы жұмысқа тартылып, нәпақасын тауып жүрген біртоп азаматтар мен ауыл намысын қолдан бермес, жанашыр ағайын қолдарына күрек, қайласын алып, ағаш отырғызуға шықты (суретте).DSC_0027
– Күзде Ақтоған бойынша 120 түп қарағай ағашын ектік. Дәл бүгін Тілеміс батыр атындағы №4 мектеп ұжымы да өздеріне тиесілі аула, учаскелерінде 16 түп декоративті ағаштар егуде, егер оның әрқайсысы 14 мың теңгеден сатып алынғанын ескерсек, ауылымызды құлпырту ісінде аянбай-ақ жатқанымыз анық байқалады. Ал, сыншыл қонақтар ары-бері көп жүретін, Меркіміздің ажары танылатын халықаралық жолдың тау жақ бетіне, арнайы түрде, бүгін барлығы 120 түп емен ағашы араларынан 10 метр арақашықтығы сақталып, отырғызылмақ. Оны алыстан ат терлетіп, арбалап емес, өзіміздің айналайын Бақыттан («Меркі тәжірибе шаруашылығы» ЖШС-нің басшысы Бақыт Сауранбаевты еркелете айтқаны. Ә.Н.), яғни, жақын жерден қолжетімді, арзан бағамен дорбалап-ақ әкеліп отырмын. Көшет өсіру ісі өз ауданымызда өркендеуі қандай ғанибет болды, інім. Оның бір пайдасы осы емес пе!? – дейді, іргелі іске балаша қуанып, қолы босаған сәтте бізге сұхбат берген округ әкімі Олжабек Қосубаев ағамыз.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *