СУ МӘСЕЛЕСІ – басты назарда

DSC_0010

Өткен аптаның сәрсенбісінде аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында көктемгі-жазғы дала жұмыстарының жайы, егістіктер, оның ішінде, қант қызылшасы алқаптарын суландыру мәселесі көтерілген жиын болып өтті (суретте).

Әлихан Нұралиев, (сурет  автордікі), «Меркі   тынысы».

ҚР АШМ су ресурстары комитетінің «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының директоры Қалыбек Құдайберген, «Қазсушардың» Меркі өндірістік бөлімшесінің басшысы Мәлік Әділқұлов, орынбасары Айдын Сансызбаев, учаске басшысы Сақып Сүлеймен, су бөлімінің басшысы Қайнархан Досқараев, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің жер қатынастары мен ауылшаруашылығы бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ, бірқатар шаруашылықтар және шаруа қожалықтарының басшылары, диқан-шаруалар көптеп қатысқан жиынға аудан әкімі Мейірхан Өмірбеков төрағалық жасап, «жылда жыры бітпес» осы көкейтесті мәселенің түбегейлі шешімін іздестіру, оның нәтижесінде, диқан үшін аса қажетті су пайдалану мүмкіншіліктерін қолжетімді етудің механизмдерін іске қосу туралы сараптамадан өткен өзіндік ой-пікірлері мен кешенді мақсаттары турасында құлағдар етті.DSC_0010
Су көлемін ұлғайту, оны үнемді пайдалану жөнінде сөз алған облыстық қонақ, аталған «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалы директорының орынбасары Берік Нұралиев Үлкен Шу каналының қазіргі таңдағы суландыру мүмкіндігі, аудандағы барлығы 23557 га. суармалы жердің 11533 гектары немесе 49 проценті қалпына келтіруді қажет ететіндігі, 5105 га., яғни, 20 проценті ғана пайдалануға боларын, ал, 6919 гектарын немесе 29 процентін қалпына келтіру тиімсіз екенін арнайы кесте бойынша айтып өтті.
«Қазсушардың» су беру тарифі әр текше метрі үшін биыл 0,60 теңгені құрағаны да осы жиында белгілі болды. Ауданымызда биыл тек қант қызылшасының өзі егер 2000 га. жерге орналастырылса, оны суаруға 21,4 млн. текше метр су керек екен, ол үшін Үлкен Шу каналының Батыс тармағының су беру қуаттылығы, әрине, жеткіліксіз күйде. Сондықтан, басқа да мүмкіншіліктерді, мысалы, тамшылатып не болмаса, жаңбырлатып суару технологияларын пайдалану қажеттігі де осы жиын барысында күн тәртібіне тағы бір мәрте қойылды. Ауданымыз бойынша 111 су объектісі жөндеуді қажет етеді, оның 82-сі иесіз қалған су ұңғымалары, 27-сі түрлі каналдар екені де белгілі, міне, осы нысандар қайта қалпына келтірілсе, суармалы жердің көлемі едәуір артып, өнім де еселене түспек.
Өз ойларымен бөліскен Ақтоған ауылдық округінің әкімі О.Қосубаев, Т.Рысқұлов а/о, «Азат» ш/қ жетекшісі Н.Оразбеков және басқалар осы су мәселесіне қатысты сұрақтарына жауап алысқан соң, аудан әкімі Мейірхан Азатұлы көптің көкейінде жүрген түрлі сауалдарға түсінік берген облыстық қонақтарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары үшін алғысын айтып, бірлесе жұмыс жасауға мүдделі екенімізді жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *