Еңбек қатынасы – елеулі орында

Жуырда аудан әкімдігінде Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қатынастарын заңдастыру жұмыстарын жүргізу туралы арнайы ақпараттық-жұмысшы тобы аудан жұртшылығымен семинар-тренинг өткізді.

Әлихан  атыханұлы, (сурет автордікі), «Меркі тынысы».

Аудан әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменов төрағалық жасап, аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен жиынға облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Серғали Айдапкелов (суретте) бастаған осы басқарманың бірқатар мамандары, сонымен қатар, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Клара Рақаева, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның Меркі ауданындағы қызмет көрсету орталығының басшысы Айнаш Қылышбекова, аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жетекшісі Халбүбі Әдешова, барлық ауылдық округтердің әкімдері өз мамандарымен және аудандағы ұйым-мекемелердің басшылары қатысты.DSC_0024 копия
Жиын шымылдығын ашқан М.Сүлейменов бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – бейресми жұмыспен қамтылған халықтың еңбек қатынастарын заңдастыру және халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тартудың 2018-2019 жылдарға арналған ұйымдастыру шараларының Жол картасы бойынша ауданда атқарылған жұмыстар туралы әңгімеледі. Одан кейін, аудандағы міндетті зейнетақы жарналары жоқ жалдамалы жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің арасындағы еңбек қатынастарын заңдастыру жұмыстарын үйлестіру бойынша атқарылған істер туралы аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры К.Рақаеваға сөз кезегін ұсынды.
2017 жылдың 29 қарашасында аудан әкімдігінің №326 өкімімен құрылған арнайы штаб негізінде, аудан әкімінің 2018 жылдың 23 ақпанындағы №122 өкімімен міндетті зейнетақы жарналары жоқ жалдамалы жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің арасындағы еңбек қатынастарын заңдастыру жұмыстарын үйлестіретін аудандық штабтың құрылғаны, оның төрағасы аудан әкімі М.Өмірбеков болса, штаб құрамына аудан әкімінің орынбасары, кірістер басқармасы, халықты жұмыспен қамту орталығы, жергілікті полиция, ішкі саясат бөлімі мен кәсіпкерлер палатасының басшылары және қоғамдық кеңес төрағасы кіргенін айтқан Клара Балтабайқызы:
– Ауылдық округтерде де арнайы топтар құрылды. Үй-үйді аралау жұмыстарының нәтижесінде тек ақпан айында ғана 17009 сауалнама толтырылып, оның ішінде, серіктестіктер мен шаруа қожалықтарында, жеке кәсіпкерлерде жұмыс істеп, міндетті зейнетақы жарналары аударылмай жүрген 564 азаматтың тізімі аудандық кірістер басқармасына берілді. Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының инспекторы Е.Ибраимовтың барлық ауылдық округтерде жиын өткізіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуі де көп нәтиже көрсетуде – дей келе, еңбек қатынастарына байланысты басқа да мәлімет, ақпарлармен таныстырды.
Сөз алған Серғали Өмірзақұлы да жиын тақырыбына байланысты заңдылықтарды тізіп, олардың жұмыс істеуіне қажетті жайлар туралы кеңінен әңгімеледі. Келесі баяндама жасаған Айнаш Лесбекқызы зейнетақы қорына жарна аудару мәселесі бойынша, ал, Халбүбі Жексембіқызы міндетті медициналық сақтандыру туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.
Жиынды қорытындылаған Мейіржан Шақманұлы зейнетақы қорына жарналарын аудармай жұмыс істеп жүрген жалдамалы жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің арасындағы еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша тиісті жұмыстарды бірлесе орындау қажеттігін айтып, бүгінгі жиын соңында бірқатар мекеме басшылары мен жұмысшылар арасында арнайы келісім-шарт жасалып, олардың еңбек қатынастары алдағы уақыттарда заңды сипат алатынын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *