«Бір сәби – бір ағаш» акциясы

115492-preview-image (1)

Елбасымыз Н.Назарбаев өткен жылы ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақермен ауылдық округінде «Бір сәби – бір ағаш» атты акциясы ұйымдастырылды (суретте).

Акцияның мақсаты: ауылды жасыл желекке бөлеу, ата-бабадан қалған өсиетті халық арасында жастардың бойына сіңіріп, ұрпақ сабақтастығын қалыптастыруды насихаттап, өздерінің отбасылық тектерін белгілеу болатын. _DSC0950 копия
Жоба аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш алаңына «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» – деген ұранмен, ауылымыздың тұрғындары Жетпісбаев Жақсылық, Жетпісбаев Дәнебай, Демесінов Ергелді, Әлімбеков Дархан, Сәбденбеков Нұрбол әулеттері немерелеріне, ұл-қыздарына арнап 5 қылқан жапырақты (көгілдір шырша) ағаштарын отырғызды.
Іс-шараға округ әкімі А.Сатыбалдиев және округ әкімі аппаратының мамандары, ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Башқұлов, ауыл тұрғындары мен жас сәбилердің ата-аналары қатысты.
Осындай игі істер ауылымызда әлі жалғасын табатын болады.

 

Ж.Жұмабеков,
Ақермен ауылы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *