Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі сандық технологиялардың рөлі

2018 жылдың 20 сәуірінде Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған конференция (суретте) ұйымдастырды.

Іс-шара «Имсталькон» Жамбыл метолоконструкция зауыты» ЖШС-нің базасында өткізілді. Конференцияның тақырыбы «Өндірісте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі сандық технологиялардың рөлі».
Конференцияға еңбек инспекциясы басқармасының басшысы С.Айдапкелов, Жамбыл облыстық кәсіптік одақтар орталығының төрағасы М.Төлепберген, аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудандық (қалалық) әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия төрағалары (төрайымдары), кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, облыстық және салалық кәсіподақтар, қызметкерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. SAM_0839 (1)
Іс-шараны еңбек инспекциясы басқармасының басшысы С.Айдапкелов ашты. Әрі қарай Жамбыл облыстық кәсіптік одақтар орталығының төрағасы М.Төлепберген, «Имсталькон» Жамбыл метолоконструкция зауыты» ЖШС-нің директоры А.Бердник, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облыстық департаментінің бөлім басшысы Ж.Таласбаев, Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша бас техникалық жетекшісі Г.Туашева, «Жамбыл электр жүйелері» ЖШС-нің еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі қызметі бастығының орынбасары Д.Шыныбек және «№1 Тараз автобус парк» ЖШС-нің директорының орынбасары Н.Төлендиев баяндама жасады.
Баяндамалар келесі тақырыптарды қамтыды: «Өндірістік жарақаттануды азайту бойынша қабылданған іс-шаралар», «Қауіпті өндірістік нысандардағы қауіпсіздік мәселелері туралы», «Биіктікте жұмыс атқаруда өндірістік жарақаттануды төмендету», «Денсаулық сақтау саласында еңбек қауіпсіздігін арттырудағы сандық технологияларды енгізудің артықшылықтары», «Кәсіпорындарда көліктік-авариялық жағдайларды төмендету бағытында атқарылып жатқан шаралар», «Кәсіптік одақ пен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынас. Әлеуметтік жауапкершілік».
Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы С.Айдапкелов конференция жұмысын қорытындылай келе, өндірісте қауіпсіздік проблемаларына қатысты қабылданған шараларға қарамастан әлі де тиісті деңгейде жұмыстар жүргізілмеуде және конференцияның мақсаты еңбекті қорғаудың дамуына және жұмыс орнындағы өндірістік жарақаттанудың төмендеуіне назар аударту – деп бұл проблеманы шешу және өндірістің тиімділігін заман талабына сай арттыру мақсатында бүкіл дүниежүзінде өндірісті индустрияландыра отырып, жаңа технологияларды енгізу процестері қарқынды жүргізілуде.Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында цифрландыру және ел өміріндегі барлық салаларға заманауи технологияларды енгізу көрсетілді» – деп атап көрсетті.
Ресми бөлімнің соңында облыс әкімінің, мәслихаттың, кәсіподақтың және еңбек инспекциясы басқармасының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен облыстың бірқатар кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары және өкілдері марапатталды. Бұқаралық ақпарат құралдарында мақалаларды жариялауда белсенді атсалысқан «Жаңа өмір – Новая жизнь» атты Жуалы аудандық газеті де марапатталды. Сонымен қатар, бұл жолы «Первомайские деликатесы» ЖШС-гіде сенім сертификатының иегері атанды.
Пленарлық мәжілістің соңында конференция экскурсия түрінде практикалық бөлімге ауысты, онда серіктестіктің бас инженері В.Дёминов іс-шараның қатысушыларын өнеркәсіптік және өндірістік объектілердің металл конструкцияларын өндірудің өндірістік процесімен: бағандар, пучкалар, коммуникациялар, трусалар, тік цистерналар және т.б. таныстырды. Экскурсия барысында кәсіпорында Халықаралық стандарт талаптарына сай келетін ISO 9001:2008 сапа менеджмент жүйесі, ISO 14001 экологиялық менеджменті және OHSAS 18001 өндіріс қауіпсіздігі енгізілгенін атап өтті.
Бұдан басқа, конференцияның практикалық бөлімі өндірісте орын алған жазатайым оқиға салдарынан жапа шеккен тұлғаларға алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік көріністер, химиялық цехта орын алған авариялық жағдай салдарымен күрес, жапа шеккен жұмыскерге алғашқы көмектің көрінісі, электр тогының соғуы орын алған кезде, газдан өрт шыққан және газбен улану барысында атқарылатын алғашқы шаралар бойынша «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның «Тараз» магистралды газ құбырлары басқармасы» филиалы, «Жамбыл электр жүйелері» ЖШС, «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Жаңа Жамбыл фосфор зауыты» филиалы және кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметімен бірлесіп, командалар мастер – класс көрсетті, мастер-класс соңынан командаларға естелік сыйлықтар берілді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *