ЕҢБЕГІМЕН ЕЛЕНГЕН

DSC_0203 копия

Жақында аудан әкімі Мейірхан Өмірбеков аудан активі алдында әкімдіктің ветеринария бөлімінің басшысы, ауданымыздағы осы саланың білгір маманының бірі Алтыбаев Өксікбай Әбілезұлын жеке қабылдап, көпжылдық еңбегінің өтілі болатын – зейнет жасымен құттықтап, құрметті демалысқа шығарып салу рәсімін өткізді (суретте).

Әлихан АТЫХАНҰЛЫ, (сурет автордікі), «Меркі тынысы».

Абыроймен еңбек етіп, ел алғысына бөленуден артық еш құрмет жоқ. Біздің Өкең, Өксікбай ағамыз бар саналы ғұмырын ауыл шаруашылығына, оның ішінде, ветеринарияның биік белестерін бағындыруға жұмсады. Ауданымыздың мал өсіру секторындағы өлшеусіз еңбегі де елеусіз қалмағаны анық. Осы тұрғыда аудан басшысы «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медаліне қосымша, облыстық кәсіподақ ұйымы, аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың Алғыс хат, Грамоталарымен неше мәрте марапатталған Өксікбай Әбілезұлына денсаулық тілеп, жанұясының жақсылығын көре беруге жазсын! – деген соң, Өксікбай ағамыздың иығына қазақы құрметтің басты белгісі – зерделі шапан жапты.
Құттықтау сөз алған аудан әкімінің ауыл шаруашылығы бойынша орынбасары Бақытхан Әбжапаровтың бірлесе жасаған ортақ еңбектің үдесінен шыға білген әріптесі Ө.Алтыбаевқа арнаған жүрекжарды лебіздерінен соң, ортаға шыққан Өксікбай Әбілезұлы аудан басшылығы мен қызметтес жолдастары тарапынан есіткен жылы ой-пікірлер мен алғыс сөздерге ризашылығын білдіріп өтті.
Ілтипат иесі Өкеңнің еңбек жолына қысқаша тоқталсақ жөн болар. Сонымен, 1974 жылы Луговой малдәрігерлік техникумын бітірген Ө.Алтыбаев Киров атындағы колхозда зоотехник болып еңбек жолын бастапты. 1981 жылы Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын аяқтап, аудандық малдәрігерлік ветеринариялық станциясына жұмысқа орналасқан. 1984 жылы «Аспара» қой совхозына бас мал дәрігері болып бекітілсе, ал 1991 жылдан Меркі ет комбинатының аға мал дәрігері лауазымында жемісті қызмет еткен. 2010 жылдан бастап, аудан әкімдігінің ветеринария бөлімінің бас маманы, кейінірек, 2013 жылдан бері, күні бүгінге дейін осы бөлімнің басшысы қызметін атқарды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *