Зейнетақы жүйесі жайлы бірер сөз

Дүйсенбі күні аудан әкімдігінің үлкен залында 2017 жылдың 30 мамырында қол қойылған «БЗЖҚ» АҚ-ы мен облыс әкімдігі арасындағы ынтымақтастық пен қарым-қатынас туралы меморандум аясында зейнетақы жүйесіндегі қор жұмысының ахуалы, ондағы заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түгел қамтылған түсіндіру жиыны болып өтті.

Әлихан  АТЫХАНҰЛЫ, (сурет  автордікі), «Меркі   тынысы».

Аудан әкімінің орынбасары Марат Қасым төрағалық еткен жиынға «БЗЖҚ» АҚ-ы Жамбыл облыстық филиалының Барып қызмет көрсету бөлімінің бөлім басшысы Ақмоншақ Байғанова, аталған бөлімнің жетекші мамандары Меруерт Нұрлыбаева (суретте) мен Марал Қалтаева, «БЗЖҚ»-ның Меркі ауданы бойынша қызмет көрсету орталығының басшысы Айнаш Кулушбекова, сонымен қатар, аудан әкімдігінің тиісті бөлімдерінің қызметкерлері мен ауылдық округтердің әкімдері бас мамандарымен, білім беру, тәрбие ұйымдары және түрлі мекемелердің басшылары, аудан тұрғындары қатысты.
Марат Жарылқасынұлы зейнетақы қоры жөніндегі мемлекеттік саясат, одан туындайтын мәселелер жайында әңгімелеп, сөз кезегін М.Нұрлыбаеваға ұсынды.DSC_0208 — копия копия
Меруерт Төреханқызы биылдан бастап күшіне енген зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, барша халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесіне белсенді түрде қатыстыру, олардың қаржылық сауатын арттыру бағытына басымдық жасады. Қордың халыққа көрсететін қолжетімді қызметтері де сырт қалмады.
Келесі сөз алған Ақмоншақ Қалиқызы да өз тарапынан көптеген түсіндірулер жасады. Оның ішінде, ортақ зейнетақыға қатысты айтар болсақ, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі жоқ немесе ол 6 айдан төмен болған азаматтар ортақ зейнетақы ала алмайды екен. Яғни, 1980-1982 жылдардан кейін туған азаматтарға 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі бойынша ортақ зейнетақы төленбейтінін есіттік.
Жиын соңында бірқатар азаматтар өздерін мазалаған, алайда, өзгелерге де аса қажетті сұрақтарына облыстық және аудандық мамандардан тиісті жауаптарын алысты. Бүгінгі күні осы лауазымды тұлғалар жүргізген жиындар Меркі, Жамбыл және Сарымолдаев ауылдық округтері тұрғындарымен де жоғары дәрежеде болып өтті.
Сонымен, биылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайту және базалық зейнетақыны есептеуге қатысты өзгерістер күшіне енбек. Бұл ретте, базалық зейнетақыны тағайындауда 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі, сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдан кейінгі еңбек өтілі ескерілетін болады. Бұдан басқа, зейнетақы қорынан берілетін зейнетақы төлемдерін есептеу тәртібі мен оларды алу кестесі де өзгеріске ұшырайтынын оқырмандардың есіне салғанымыз жөн. Ал, қосымша сұрақ-сауалдар туындап жатса, жоғарыда аталған, А.Кулушбекова басқаратын мекемеге барып, толыққанды ақпарат алуға мүмкіндігіңіз бар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *