Аграрлық саланы дамытпақ…

DSC_0127 копия

Жуырда көшет өсірудегі көпжылдық тәжірибесімен атағы алыстарға кеткен, ауданымыздағы іргелі шаруашылық саналатын «Меркі тәжірибе шаруашылығы» ЖШС-не сонау Алматыдағы Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтының басшысы мен ғалым-мамандары келіп, жұмыс барысымен танысып қайтты.

Әлихан  атыханұлы, (сурет  автордікі), «Меркі   тынысы».

Осы институттың 2001 жылдан бергі директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, 250-ден астам ғылыми еңбектің авторы Сағитов Абай Оразұлы бастаған топ құрамында 10 шақты өсімдік қорғау саласының мамандары, оның ішінде, директордың орынбасары, биология ғылымдарының кандидаты Бақытжан Дүйсенбеков, өсімдік қорғау бөлімінің басшысы Бақыт Көпжасаров және басқалар аудан әкімі Мейірхан Өмірбеков пен «Меркі тәжірибе шаруашылығы» серіктестігінің директоры Бақыт Сауранбаевпен кездесіп, өздерінің келу мақсаттарымен таныстырды. Оның бастысы, осы танымал, республика бойынша айтарлықтай озық тірліктері басым шаруашылықтың қалыптасқан бай базасында отандық өсімдік қорғау бағытының өркендеуіне септігін тигізіп, биік межелерді бағындыруға негізделген арнайы ғылыми-зерттеу жұмыстарын біріге жүргізіп, еліміздегі аграрлық салаға тың жаңалықтарды енгізу екен.DSC_0127 копия
Сонымен, әсіресе, ауылшаруашылық дақылдарын зиянды организмдерден қорғау шараларын ұйымдастыру, дақылдардың нематофаунасының ғылыми зерттеулерін жүргізу, жұмырқұрттарға қарсы шараларды интеграциялаудың теориялық және практикалық негіздері қалануы жолында өзіндік қолтаңбасы жетерлік Абай Оразұлы мен басқа да қонақтарды өз шаруашылығында іргелі істермен жергілікті жерде жіті таныстырған Бақыт Оспанұлы серіктестіктің жетістіктерін тізіп, кейде істі ақсауға алып келетін бірқатар жайттармен де ашық бөлісті. Олардың ішіндегі институттың құзырына кіретін, агрономиялық сипаты бар проблемалық мәселелерді шешу үшін көмек қолын созып, нақты жәрдем беруге уәде берген А.Сағитов институттың мамандарына зертханалық тексеруден өтуі тиіс кейбір байқалған өсімдік аурулары белгілерін бірге ала кетуді тапсырса, жергілікті жерде зерделенетін біраз жұмысты атқару үшін арнайы маман жіберетінін де жеткізді.
Басқосу кезінде, жалпы меркілік серіктестікте атқарылған, алда тұрған тың жобаларға мән беріліп, олар туралы ресми құжаттармен, сонымен қатар, шаруашылықтағы әр бригаданың бүгінгі жұмыс барысымен егіс басы мен дала қостарында егжей-тегжейлі, кеңінен танысқан А.Сағитов тегеурінді тірліктерімен танылған тәжірибе шаруашылығындағылардың еңбегіне деген сүйсініс, таңданысын да жасырмай, оған әділ оң бағасын беріп өтті.

Суретте: Бақыт Оспанұлы Абай Сағитовпен бірге.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *