Мемлекеттік қызметтің майталмандары марапатталды

DSC_0145 копия

Өткен жұма күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай кеңейтілген жиын болып өтті.

Әлихан Нұралиев, (сурет  автордікі), «Меркі   тынысы».

ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға 20 жыл толуымен тұспа-тұс келген осы айтулы мерекені атап өтуге жиналған көпшілік алдында аудандық Мәдениет үйі көркемөнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасы ұсынылды. Одан кейін арнайы үлкен экран арқылы халыққа мүлтіксіз қызмет ету барысында кәсіби біліктіліктерімен және жоғары адамгершілікке толы мінез-құлықтарымен танылған ауданымыздағы бірқатар мемлекеттік қызметшілердің фотосуреттері көрсетіліп, олар жайлы деректер айтылды. Олардың қатарынан азаматтық хал актілерін тіркеу мекемесінің бас маманы Пернекүл Жұрынова, статистика басқармасының жетекші маманы Гүлмира Қойайдарова, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы Людмила Корончик және т.б. сияқты өз ісінің білгірлерін көре алдық.
Сөз алған аудан әкімі Мейірхан Өмірбеков мемлекеттік қызметші болу мәртебесінің жоғары екенін, алайда, бұл саладағы әр қызметкердің білімі, халықпен жұмыс жасай білу дәрежесі мен ішкі және сыртқы мәдениеті, тіпті, қызметтен тыс уақыттағы жеке өмірлік ұстанымдары немесе дағдысы арқылы мемлекеттің бетпердесі ашылып, қызметшінің әр қимыл, іс-әрекеті елімізді өзгелерге танытып, айшықтап, анықтайтын айнасы іспетті екеніне тоқталды.DSC_0145 копия
– Мемлекеттік қызметші болу төзімділікті, ыждағаттылықты талап етеді. Алдыңа келген әр азаматпен персоналды түрде тіл табысып, оның мұң-мұқтажы мен сауал-сұранысына тұщымды жауап беру, оны мазалаған тіршілікпен біте қайнасу ғана көпшіліктен ерек етеді. Ал, халықты менсінбей, оған атүсті, жүре жауап беруші қызметкерді бір қарын майға түскен құмалақпен салыстырсақ болады. Жергілікті халықтың мемлекетке, жалпы, билікке деген сенімі солар арқылы қалыптасатындықтан, бұл бағытта адасушылық қылмыспен тең. Сондықтан, елге деген қызмет адал әрі ашық, жүрекжарды шынайы болуы шарт. Міне, біз де бүгін арамыздан топ жарған сондай елеулі азаматтарымызды ұлықтап өтуді мақсат етіп отырмыз – деген өңір басшысы Мейірхан Азатұлы марапаттау рәсіміне орын берді.
Осы орайда, өз кәсіби мерекелеріне орай аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы Ербол Дүйсебаев облыс әкімінің Құрмет грамотасын алса, қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Дана Дорбабаева облыс басшысының Алғыс хатын иеленді. Сонымен қатар, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының Грамотасымен биыл облысымызда үздік мемлекеттік қызметші атанған аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Дамира Жамбаева мен аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы Тұрар Досеке марапатталып, шоқтықтары биік болды. Келесі кезекте, бірқатар азаматтар аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын алса, аудандық мәслихаттың және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Құрмет грамоталарымен де көптеп марапатталған мемлекеттік қызметшілер қатарын көрдік.
Басты міндеттеріне қосымша, қоғамдық іс-шаралардан да қол үзбей, түрлі байқау, жарыстарда өз жеңістері арқылы мемлекеттік қызметшілердің абыройын асқақтатып, ауданымыздың мерейін өсіріп жүрген жерлестеріміз де аз емес. Осы ретте, бүгінгі жиында аудан әкімі М.Өмірбековтың тапсыруымен, 20 маусым күні Таразда өткен мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиадада қыздар арасында 60 метрге жүгіруден 1-орын алған Рысқұлов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман іс жүргізушісі Жаңагүл Бабалиева (суретте) арнайы диплом және медальмен марапатталса, аталған жарыстағы «Әкем, анам және мен – спорттық жанұя» ойындарында 3-орын алған дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Жасұлан Жантелиевтің отбасы диплом мен медальға ие болды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқауға қатысқан 16 команданың ішінде үздік өнер көрсеткен «Меркі қырандары» тобы 2-дәрежелі диплом мен 100 мың теңгенің сертификатына қол жеткізді.
Бүгінгі салтанатты жиын барысында, жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Кәсіби қызметкер – кәсіби мемлекет» атты байқауға қатысқан ауданымыздың команда мүшелері де арнайы сертификаттарға ие болысты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *