БИБАРЫС – ЧЕМПИОН

Бибарыс1

Жуырда, Шымкент қаласында бокстан, ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өткен еді.
Аталған жарысқа Республика бойынша 200-ден аса спортшылар қатысты. Сол спортшылардың ішінде, жерлесіміз, Меркі аудандық №17 бокстан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Бибарыс Жексен (суретте) де облысымыздың құрама командасының атынан қатысып, өнер көрсетті.
Бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы Бибарыс Жексен, бокстан КСРО-ның спорт шебері Ғайни Әшкеевтің жаттықтыруымен, 57 келі салмақ дәрежесінде облыс намысын қорғады. Тартысқа толы өткен додада Бибарыс ІІІ орынды иеленіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Бибарыс Жексен бокстан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының сапында өнер көрсетеді. Қазіргі таңда Тараз қаласында, М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университеттің 2-курс студенті.

Аудандық №17 бокстан
балалар-жасөспірімдер
спорт мектебі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *