КІТАП ОҚУДАН АРТТА ҚАЛЫППЫЗ…

кітап оқу

Елімізде кітап оқу қабілеттілігі бойынша сараптамалық жұмыстар жүргізілді. Сараптама нәтижесінде, Қазақстан жастары кітап оқудан артта қалғаны белгілі болып отыр. Министр Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, еліміздегі балалар кітапты оқуға келгенде жалқаулық танытатыны бір бөлек, кейде оқыған мәтінді нашар түсініп, дұрыс қабылдай алмайды. Оған қоса талдау және қорытынды жасау дағдысы да ақсап тұр. Ал,бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақ тәрбиелегісі келетін қоғам үшін бұл – үлкен проблема. Сондықтан, біз де өз бетімізбен зерттеу жүргіздік.

10-сынып оқушысы Диана Ахметкереева жылына тек 2-3 кітап оқиды екен. Неге десеңіз, уақыт тапшы, кейде еріншектігім де ұстап қалады, – дейді. Оған қоса, кітапты да жәй оқиды. Оқу барысында телефонға көп алаңдайтыны да бар. Бұл – баланы жасынан еңбекке баулып, кітап оқуға машықтандырмағаннан болар…

Ал, екінші кейіпкеріміз – Айсұлу Жұмағалиева 4-курс студенті. Айсұлу орысша кітаптарды оқиды. Өйткені, қазақ тіліндегі кітаптарды оқу оған қиынға соғады. Ал, орыс тіліндегі оқулықтарды түсіну әлдеқайда оңайырақ. 300-400 беттік кітапты 1-2 жетіде оқып бітіреді екен. Оған барлық жанрдағы кітаптар ұнайды. Кітап талғамайды.

Ендігі Зарина Сағынғалиева – 3-курс студенті. Журналистика факультетінде оқитын Зарина қазақ тіліндегі кітаптарды оқиды. Бұл болашақ мамандығымның өрге басуы үшін керек, – дейді аруымыз. Десе де, қазақ тіліндегі кітаптарды оқып қана қоймай, орыс тіліндегі кітаптарды да еш қиналмастан оқып, түсіне алады.

Себебі бәріне түсінікті болар. Баланы жасынан еліктіріп, кітап оқуға деген құлшынысын арттырсақ, осындай едәуір мәселелердің шешімін таба аламыз. Кітап – көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа – маржан, – дейді қазақ халқы. Сондықтан да, бүгінгі жастарымыз: жарқын болашақтың кепілі – еңбек, білім, ой-сана екенін ұмытпаса екен.

Нұрайым ҚАЗЫНАБЕК,
№17 Трубицын атындағы
ЖББМГ-ның 11 «А» сыныбы
оқушысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *