ЖОМАРТТЫҚ – РУХТЫҢ БАЙЛЫҒЫ

3

Жомарттық көрсетіп, жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан тұтар дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде өз маңыздылығын жойған жоқ. Оның айқын дәлелі ретінде, осы аптаның сейсенбісі күнгі, Тәтті ауылындағы «Жомарт түлек» жобасы аясында осы ауылдың тумасы, Әбутәліп Мүтәлі мырзаның кең пейілінен туған тамаша қадамды айтуға болады! Туған жерге туыңды тік! – деген осы болар!

Әбутәліп Мүтәлі – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Қазақстанда «STEM» оқыту жүйесінің негізін қалаушы, кәсіпкер. Ол көгілдір Көктем мерекесі – Әз-Наурыз қарсаңында, №13 М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне құны – 12 млн. теңгені құрайтын «STEM» лабораториясын сыйға тартып, ауыл-елін, ұстаздар мен мектеп оқушыларын үлкен қуанышқа бөледі.

Жалпы, «STEM» бағдарламасында жаратылыстану ғылымы, жаңа технологиялар, математика, инженерлік бағытқа баса назар аударылған. Зертханада бір мезетте 20 бала сүйікті ісімен айналыса алады. Кабинетте 3D модельдеу аймағы, конструкторлық бюро, тестілеу зонасы сынды роботтарды жасауға арналған орын бар.

Кәсібінен нәсібін тапқан азамат Әбутәліп мырза игі іс жасап, робототехника кабинетін ашуға үлкен қаржы салып, ауылдың болашағы – жас жеткіншектердің мектеп қабырғасынан-ақ робототехника шеңберінде бағдарламалаудың жалпы негіздерін үйреніп, өздерінің инженерлік ойлау жүйесін қалыптастыруына жол ашып отыр.

Іс-шара барысында «STEM» лабораториясы кабинетінің лентасы қиылып, келген қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, жылы лебіздерін білдіріп, аудандық білім бөлімінің бас маманы Қуат Зетқұлов, ауыл ақсақалдары мен мектеп директоры Қ.Боржықов Тәттіміздің татымды ұлына алғыстарын айтты.

Мектептің акті залында жалғасын тапқан іс-шарада Әбутәліп Мүтәлінің «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатынан үзінді бейнежазба көрсетілді. Сондай-ақ, қонақтар мектептің көркем өнерпаздары дайындаған бағдарламасын тамашалады. Айбар Райымқұл жергілікті ақын Ә.Қоңқабаевтың кезінде Әбутәліп Мүтәліге арнаған «Арнау» өлеңін оқыды.

Кездесу соңында Әбутәліп мырза отбасымен бірге сөз алып, ыстық ықыласпен қарсы алған ауылдастарына алғысын білдірді. Ал, ауыл ақсақалдары дарабоз баласына ақ батасын берді.

7      4

 

Сәуле РАПТАЕВА,
аудандық білім
бөлімінің әдіскері.
Суреттерде:
Әбутәліп Мүтәлі «STEM»
оқыту жүйесі туралы
әңгімелеуде (сол жақта);
«STEM» лабораториялық
кабинеті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *