ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

DSC_0835 копия

Өткен сенбі күні, өткен жылы құрылысы басталған аудан орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу салтанаты болып өтті.

Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, сонымен қатар, аудан әкімі Руслан Маратұлы, ауданның зиялы қауым өкілдері, спортшы жастар және т.б. қатысты.
Алғашқы сөз алған Бердібек Мәшбекұлы жаңа спорт кешенінің ашылуымен меркіліктерді құттықтады (суретте).

DSC_0876 копия

«Мемлекетімізде спорттың алар орны бөлек. Спорт адамға денсаулық, мемлекетке абырой-бедел алып келеді. Сондықтан, мемлекетіміз халық үшін, болашақ үшін спортты дамытуға үлкен мән беруде. Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде, өздеріңізге белгілі, елімізден Олимпиаданың, әлемнің және Азияның қаншама чемпиондары шығып, солардың арқасында Қазақстанымыздың Көк Туы желбіреп, Әнұранымыз әлем төрінде сан мәрте шырқалды. Спорттың арқасында елімізді дүние жүзі, барлық әлем жұртшылығы біледі деп айтуға болады.
Біз мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, спортты дамыту мақсатында, материалдық базаны жақсарту бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Мысалға айтар болсақ, былтыр біз аймақ бойынша осындай 15 спорт нысанын және 90-ға жуық спорт алаңын аштық. Ендігі мақсат – спорт нысандарының санын одан ары көбейтуіміз керек. Қазіргі уақытта қосымша 8 нысанның құрылысын жүргізіп жатырмыз. Енді міне, бүгін Меркі ауданындағы жабық спорт нысанының да құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгелі тұр. Мұның бәрі балаларымыздың, жастарымыздың спортпен айналысуына, олардың денсаулығының мықты болуына жасалып жатқан үлкен мүмкіндік», – деді облыс әкімі.

Одан кейін, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қамбарбек Иманалиев құттықтау сөз сөйлеп, осындай спорт кешендерінің ашылуы мемлекеттің жастарға деген қамқорлығы, олардың үлкен спортпен айналысуына жасап жатқан мүмкіндігі екенін атап өтті. Сөз кезегінде, жас спортшы Ислам Ергашев ұлттық спорт – асық атудан аудандық команданың облыс және республика біріншіліктерін бағындырғанын жеткізді. Ауданымызда осындай спорт кешенінің ашылуына қолдау көрсеткен облыс әкіміне рахмет айтып, үміттеріңізді ақтаймыз деді.

Жаңа кешенде спорттың футбол, волейбол, гандбол, баскетбол, бокс, күрес, дзюдо, қазақша күрсе түрлерімен айналысуға болады. Сонымен қатар, кешенде жаттығу залы, киім ауыстыратын және медициналық бөлмелер бар. Барлығы жиһаздармен және қажетті жабдықтармен қамтылған.

Аудан әкімі Руслан Маратұлының бастауымен кешеннің ішін аралап көрген Бердібек Мәшбекұлы жаттығу залдарымен танысты . Жас спортшылармен сөйлесіп, олардың болашақта әлемдік шыңдарды бағындырып, ел намысын қорғайтын кәсіби спортшы болуларын тіледі (суретте).

DSC_0929 копия

Сондай-ақ, кешеннің ашылуына орай, арнайы алып келген сыйлықтарын жас спортшыларға тарту етті (суретте).

DSC_0918 копия

Қазыбек КАМАЛ, (Суреттер автордікі), «Меркі тынысы»

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *