АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАЛАРЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

DSC_0068

Қазіргі таңда еліміздегі әлеуметтік жағдайды тұрақтандыру басты мәселелердің бірі болып тұр. Бұл орайда, халықтың күнделікті тұрмыстық қажетіне тұтынатын азық-түлік тауарларының бағаларын негізсіз қымбаттауды бақылауға алу өте маңызды болып саналады.

Соған сәйкес, аудан әкімі Руслан Нұрсипатовтың тапсырмасымен,  аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының өсуіне байланысты сауда орындарындағы бағаларды зерделеу мақсатында арнайы екі жұмысшы топ құрылып, өткен жұма күні мониторинг жүргізілді.

Жұмысшы топтардың құрамына ардагерлер, қоғамдық кеңестің мүшелері, аудандық мәслихаттың депутаттары, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының өкілдері, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының, төтенше жағдайлар бөлімінің, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, «Жастар ресурстық орталығының» және аудан әкімдігі бөлімдерінің қызметкерлері, сонымен қатар, аудандық іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері енді.

Жұмысшы топтардың мүшелері ауданымыздағы ауқымды сауда орындарында болып, олардың иелері және әкімшілерімен кездесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағларын негізсіз қымбаттау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сөрелердегі бағаларды салыстырып, сауда орындарындағы азық-түлік қорларының қамтамасыз етілуін назарға алды.

Өз кезегінде сауда орындардың иелері де бағлардың негізсіз қымбаттауына жол бермейтіндерін айтып, азық-түлік қорының жеткілікті екендерін жеткізді.

Мониторинг барысында аудандағы 20 сауда орнындағы ұн, күріш, макарон, нан, сұйық май, қант, ет, картоп, сәбіз, пияз сынды азық-түліктердің жалпы 19 түріне зерделеу жүргізілді.

 Қазыбек КАМАЛ, «Меркі тынысы»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *