Олимпиададан жеңіспен оралды!

WhatsApp Image 2022-03-16 at 14.04.10

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен, 2022 жылдың 5-наурыз күні математика пәні мұғалімдерінің арасында «Математикалық регата» атты облыстық олимпиада өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты – кәсіби білім беру аясында педагогтардың шығармашылығын және білім беру үрдісінде кәсіби педагогикалық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін конкурс тапсырмалары бойынша үздіктерді анықтау болатын. Осы мақсатта өткізілген олимпиадаға облыс мектептерінде математика пәнінен сабақ беретін 16 мұғалім қатысты. Олимпиада төрт кезеңнен өтті. Әр кезең – үш тапсырманың ұжымдық шешімінен тұрып, (алгебралық, геометриялық, логикалық), жалпы 12 есеп берілді.

Тапсырмаларда планиметрия, тригонометрия бөлімдері мен комбинаторика, логикалық есептер қамтылды. Олимпиаданың нәтижесінде Т.Қожакеев атындағы №39 ЖББОМГ-нің математика пәнінің мұғалімі Фариза Нұрланкұлова 3-орынды иеленді. Педагогты жеңісімен құттықтаймыз!

Т.Қожакеев атындағы №39 жалпы
білім беретін мектеп-гимназиясы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *