Аудан әкімі Нұрсипатов Руслан Маратұлының 2021 жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстары туралы қорытынды есебі.

277000423_817083192541664_7618415833231264558_n

Аудан әкімінің есебіне облыс әкімі Сапарбаев Бердібек Машбекұлы арнайы келіп қатысты.

Руслан Маратұлы есепті мерзім ішіндегі ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндама жасап, жетістіктер мен көрсеткіштерді талдап көрсетті.

Өткен жылдың негізгі көрсеткіштеріне тоқталып өтсек:

Қаржы игеру бойынша, 2021 жылы аудан бюджетінің шығыс бөлігінің жоспары – 15 млрд. 627 млн. теңге болса, оның 15 млрд. 605,4 млн. теңгесі игеріліп, 99,9 пайызға орындалған.

Салықтық түсімдер бойынша, 2021 жылдың қорытындысымен аудан бюджетіне меншікті кірістерден 2 млрд. 386 млн. теңге түскен, яғни былтырмен салыстырғанда 700 млн. теңгеге артық орындалып, 107,2 пайызды құраған.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі қаңтар-желтоқсан айларында 12 млрд. 748 млн. теңгені құраған.

Аудан бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарымен есепті мерзім ішінде 6 млрд. 346,1 млн. теңгенің өнімі өндірілген.

Бөлшек сауда айналымының көлемі қаңтар-желтоқсан айларында 11 млрд. 69,7 млн. теңгені құраған.

Ауыл шаруашылығы саласында 2021 жылы 102 мың 15 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, егіс көлемі 3184 гектарға ұлғайса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі қантар-желтоқсан айларында 40 млрд. 829 млн. теңгені құраған. 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғында нақты көлем индексі 103,7 пайыз құрады.

Ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына 1 млрд. 738 млн. теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 114 пайыз, тамақ өнімдерінің негізгі капиталына 815,4 млн. тенге немесе өткен жылмен салыстырғанда 106,5 пайыз инвестиция тартылды.

Өткен жылы облыс әкімінің қолдауымен, аудандық мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығында облыс бойынша алғашқы болып, жаңа тәсілмен емдеу шараларын жасайтын иппотерапиялық алаң ашылды.

Жамбыл ауылдық округіне қарасты Тұрлыбай батыр ауылында 120 орындық №34 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толықтай аяқталды.

Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының аясында, Меркі ауылындағы спорт кешенінің құрылысына 508 млн. теңге бөлініп, толық игеріліп пайдалануға берілді.

Өңір басшысы Бердібек Машбекұлының бастамасымен аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында облыс бойынша қолған алынған «Асарлатып үй салу» жобасымен 2021 жылы ауданымызда 13 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып, 15 тұрғын үй және 1 асхана пайдалануға берілді.

2021 жылы Сарымолдаев ауылында инвесторлар есебінен 44 пәтерлі 11 тұрғын үй салынып, Ұлттық қор есебінен 24 пәтерлі 6 тұрғын үй сатып алынды. Бұдан бөлек, тағы 5 тұрғын үй, яғни 20 пәтердің құрылысы алдаға мамыр айында аяқталады деп күтілуде.

Өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының аясында 15 көшеге және аудандық бюджеттен 20 көшеге асфальт төселген.

Аудан әкімі Руслан Маратұлы осы жылы атқарылатын және атқарылып жатқан жұмыстарды да баяндады.

Биыл №5 мектепке және «Балауса» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, Аспара ауылына жаңа мектеп жобалық құны 732 млн. теңге және Ақжол ауылында 80 орындық жаңа мектеп сметалық құжаттарының құны – 522 млн. 552 мың теңге тұратын мектептер салынатын болады.

Сонымен қатар 2022 жылдың сәуір айының 5-і күні «Мералко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұрынғы «Алкопищепром») іске қосылады. Жоба толығымен іске асқанда 300-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады. Зауыт бұған дейін 500 млн. теңгеге керекті жабдықтарды сатып алған. Сондай-ақ, бюджетке салық ретінде 18 наурызда 60 млн. қаржы төледі және 24 наурызда қалған 54 млн. қаражатты төлейтін болады.

Аудан әкімінің қорытынды есебін тыңдаған аудан тұрғындары аудан әкімінің бір жыл ішінде атқарған жұмыстарын оң бағалап, өздерінің алғыстарын жеткізді.

Одан кейін, облыс әкімі Бердібек Машбекұлы мен аудан әкімі Руслан Маратұлы меркіліктердің өтініш-тілектерін назарға алып, олардың сұрақтары бойынша нақты жауаптарын берді.

Аудан тұрғыны, Андас батыр ауылдық округінің ақсақалы Ерболат Бірбаев аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Сондай-ақ, өзі тұратын ауылдағы көп жылдан бері шешілмей келе жатқан ауыз су мәселесі өткен жылы шешімін тапқанын айтып, тұрғындардың алғысын жеткізді.

Аудан тұрғыны, ақын Шырын Мамасерікова, белгілі қоғам қайраткері, жерлесіміз Асанбай Асқаровтың 100 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өту туралы, сонымен қатар, орталық алаңға сол кісінің есімін беру, Асанбай Асқаровтың мерейтойына орай республикалық ақындар айтысын ұйымдастыру жөнінде өңір басшысына бірнеше ұсынысын жеткізді.

Облыс әкімі бұл ұсынысты қолдайтындығын жеткізіп, Асанбай Асқаровтың мерейтойын тек облыс деңгейінде емес, республикалық деңгейде атап өту үшін жоғары басшылыққа ұсыныстар беріліп, қолдау тапқанын жеткізді.

Ауданымыздың құрметті азаматы, Қостоған ауылының тұрғыны Қайнаркүл Татығұлова аудан әкімінің есебіне жақсы бағасын беріп, облыс пен аудан басшыларына аналық ақ алғысын білдірді. Одан кейін, ағын су мәселесін шешу үшін жер асты суларын пайдалану мақсатында ұңғымаларды қазу барысында, ауыз су тапшылығы мәселесі туындауы мүмкіндігін айтып, осы мәселені назарға алуын сұрады. Бердібек Машбекұлы бұл өтінішті ескеріп, тиісті мекемелерге тапсырмалар беретіндігін жеткізді.

Меркі ауылының тұрғыны Айымкүл Шерімбаева тұрғын үй мәселесі бойынша қайырылды. Руслан Маратұлы бұл кісінің отбасылық тұрмыстық жағдайы өзіне жақсы таныс болғандықтан, Бердібек Машбекұлына өтініш иесінің мәселесін көтерді. Облыс басшысы ауыл тұрығынына «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша үй салып беру мәселесін қарау керектігін айтты.

Жамбыл ауылының тұрғыны Ержан Қырғабақов спорт зал ашу жоспары бар екенін, ол үшін жобасы мен ғимарат дайын екенін айтып, қолдау көрсетуді сұрады. Облыс әкімі өтініш иесінің жобасымен жеке өзі танысатындығын айтып, қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.

Меркі ауылының тұрғыны Айнұр Тоғысбаева аудан әкімі Руслан Маратұлының бір жыл ішінде ауданымызда атқарған жұмыстарына тоқталып, өзінің ризашылығын білдіріп, тұрғындардың алғыстарын жеткізді.

Аудан әкімі Руслан Маратұлының есебін тыңдап, оған аудан тұрғындарының берген бағаларын көріп, облыс әкімі Бердібек Машбекұлы аудан әкімінің есепті мерзім ішінде атқарған жұмыстарына оң бағасын берді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *