Мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету.

276135731_818373229079327_3036171951730072166_n

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлының азаматтардың әл-ауқатын арттырып, өңірлерде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту қажеттігі туралы тапсырмасына сай, облыс әкімі Сапарбаев Бердібек Машбекұлының қолдауымен, аудан әкімі Нұрсипатов Руслан Маратұлының ұйымдастыруымен, ауданымыздағы мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету мақсатында көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы басталған еді.

Міне, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесінің қарсаңында, пәтерлер заңды кезек бойынша өз иелеріне табысталып, ауданымызда үлкен жаңалық орын алды.

Бүгін аудан әкімі Руслан Маратұлы ауданның зиялы қауым өкілдерімен бірге, қуаныш иелеріне пәтерлердің кілтін салтанатты түрде табыстау рәсіміне қатысты.

Аудан әкімі игі шарада алғашқы сөз алып, көпшілікті Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, жаңа тұрғын үйлердің иелеріне қоныстарының құтты болуын тіледі. Руслан Маратұлы өз сөзінде: «Құрметті көпшілік қауым! Алдымен баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін міне, сіздердің шынайы пейілдеріңіз шығар, ауа райы да ашылып, мерекемізге шуағын шашып тұр. Осындай мерекелі күні, өздеріңізге жаңа пәтерлердің кілтін табыстағалы тұрмыз. Көпбалалы аналарға, мұқтаж отбасыларға қолдау көрсету – бұл мемлекетіміздің, жалпы қоғамның алдындағы басты міндет деп білеміз. Ал, ауданымызда көп жылдан бері тұрғын салынбаған болатын. Сондықтан, аудан тұрғындарының өтініш-тілектерін ескеріп, тұрғын үй салу мәселесін басты назарға алып, жұмысты бастаған едік. Бүгін міне, пәтерлердің алғашқы легін өздеріңізге табыстайтын боламыз. Сондай-ақ, алдағы уақытта да аудандағы мұқтаж отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасын табыды. Ендеше, қоныстарыңыз құтты болсын! Шаңырақтарыңызда әрдайым шаттық орнап, ынтымақ-бірліктеріңіз бен берекелеріңіз арта берсін. Мереке құтты болсын!», – деп өзінің жүрек жарды лебіздерін білдірді.

Одан кейін, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қамбарбек Иманалиев сөз алып, пәтер иелерінің қуаныштарын бөлісті. Ауданымызда тұрғын үйлердің салынуы Тәуелсіздік кезеңінде алғашқы рет орын алып отырғанын жеткізіп, бұл пәтерлерде барлық заманауи талаптарға сай, газ, жылу және су жүйесімен қамтылғанын, жуынатын, жатын, балалар бөлмелері мен асханасына дейін қарастырылып, барлық жағдай жасалғанын айтты.

Сонымен қатар, ардагер ұстаз Базаркүл Әлмейізова мен белгілі ақын Шырын Мамасерікова да пәтерге қол жеткізген азаматтарға құтты болсын айтты. Ардагер апалар көпбалалы аналар халқымыздың демографиялық ахуалының жақсаруына өлшеусіз үлес қосып жатқандарын жеткізіп, мемлекетіміздің болашағын ойласақ, көпбалалы аналарға жағдай жасалып, балалар алаңсыз ер жетуі үшін баспанамен қамтылуға тиіс екенін айтысты.

Салатанатты іс-шарада көпабалалы ана Анар Жұмахаева көп жылдан бергі арманы – пәтерге қол жеткізіп, арманы орындалғанын айтып, аудан басшылығы мен облыс басшылығына тұрғындар атынан алғысын білдірді.

Одан кейін, салатанатты түрде пәтерлердің кілттері табысталып, лента кесу рәсімі болып өтті. Дәстүрімізге сай шашу шашылып, қонақтар мен пәтер иелері үйлерді аралап танысты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *