ӨЗГЕРІСТЕР ЖАСАУ — ИГІЛІК КӨЗІ

c15515a9-83fd-4566-8527-b7a620990658

Осы аптаның сейсенбісі күні, “AMANAT” партиясының Меркі аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының отырысы болып өтті (суретте).

Депутаттық фракциясының отырысына аудандық мәслихат хатшысы Мұратбек Көкірекбаев, аудан әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев, партияның аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшелері, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысып, жиынның күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Алғашқы мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев партияның 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламаларын іске асыру жөніндегі өңірлік Жол картасының 2021 жылғы және 2022 жылдың І тоқсанындағы орындалу барысы туралы баяндама жасады.

Жиынның күн тәртібіндегі партия филиалы жанындағы қоғамдық кеңестер, депутаттық фракциялардың жұмыстары және партиядан сайланған депутаттардың рейтингісін қалыптастыру жұмыстары туралы мәселе бойынша «АМANAT» партиясы Меркі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Күлайым Шағатаева ақпараттар берді.

Қазыбек Қалдыбайұлы,
Меркі ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *