АУДАНЫМЫЗҒА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жаңа басшы тағайындалды

Дүйсенбі күні, облыс әкімі Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы ауданымызға  арнайы іс-сапармен келіп, Меркі жерінің бар мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, өңіріміздің одан әрі өсіп-өркендеуіне септігін тигізуіне зор сенім артқан жаңа әкімді таныстырып, тағайындау рәсімін өткізді.

Түрлі деңгейдегі мәслихат депу таттары, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауылдық округтердің әкімдері, қоғамдық кеңестің мүшелері, жалпы, аудан  активі қатысқан жиын кезінде сөз алған облыс әкімі Нұржан Нұржігітов:
–Меркі киелі өлке. Әсіресе, ауыл шаруашылығы үшін табиғаттық және климаттық ерекшеліктері өте қолайлы келетін бұл аймақтың шоқтығы әркез биік көрініп, потенциалы да жоғарыда болуы қажет. Бұған дейінгі әкім қызметіндегі Руслан Нұрсипатов өз еркімен жұмыстан босатылуына байланысты бүгін алдарыңызға жаңа басшыларыңызды таныстырып, сайлау мақсатында келіпотырмын. Сонымен, ҚР Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімімен, сонымен қатар, менің өкіміммен Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы ауданға әкім болып тағайындалып отыр. 1971 жылы осы өңірде туып-өсіп, 1989-2002 жылдары аралығында Меркі аудандық қаржы бөлімінің аға экономисі және т.б. жауапты жұмыстарда өзінің білікті маман екенін
танытса, облыс деңгейінде жоғары қызметтерді, оның ішінде, соңғы қызметі – Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы міндетін атқаруда өзінің кәсіби шеберліктерімен, ал, қоғамдық ортада адами қасиеттерімен топ жарып жүрген Жорабек Нұрмергенұлын артық рет таныстырудың да қажеті шамалы болар.
Мен өзім облыс басшысы ретінде, Жорабек Нұрмергенұлына Меркі ауданының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артып, халық үшін қаракет ететініне үлкен сенім артып отырмын. Бірлесіп жұмыс жасасаңыздар, оның нәтижесін де бірге көретін күндер алыс емес деп ойлаймын. Ендеше, іске сәт! – деген облыс әкімі ауданымыздың жаңа әкіміне табыс тілеп, күн тәртібінен ажырамауы тиіс бірқатар тапсырма мен міндеттерді де айтып өтті. Өз кезегінде жиын мінберіне шығып, сөз алған Жорабек Баубеков өзіне сенім
артқан облыс әкімі мен меркіліктерге алғысын жеткізіп, Жаңа Қазақстанды, оның ішінде, ауданымыздың әр сала бойынша ілгерілеуі жолында аянбай, бар күш-жігерін салатынын айтты. Сөз алған «Меркі тәжірибе шаруа шылығы» ЖШС-нің директоры Бақыт
Сауранбаев, ардагер-ұстаз Қайнаркүл Татығұлова мен еңбек ардагері Қаныш Мұқашевтар жаңа тағайындалған әкімге сәттілік тілеп, ынтымақ арқылы бірлесе іс атқару – ел үшін маңызды екеніне тоқталды.

Әлихан НҰРАЛИЕВ,
«Меркі тынысы».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *