РЕФЕРЕНДУМ – САЯСИ ӨЗГЕРІСТЕР БАСТАУЫ

Референдум. 1-бетке

Мемлекет  басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы бойынша биылғы жылдың 5-маусымында республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойғаны белгілі.

Осыған орай, өткен аптада ауданымызға референдумды қолдау жөніндегі Жамбыл облыстық қоғамдық штабының мүшелері жұмыс сапарымен келді. Жұмыс тобының мүшелері: «Жамбыл облысы азаматтық альянсы ЗТБ  төрағасы Исламбек Дастан, облыстық «Тіл  орталығы» мекемесінің басшысы Гүлхан Әлімбекова, облыстық «Радонеж» орыстар қоғамы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владимир Сорокин Меркі жерінде болып, аудан активімен жиналыс өткізді.
Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Берік Бегалиев, ардагерлер мен қоғамдық кеңес ұйымының, аудандық штабтың, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының мүшелері, депутаттар және т. б. қатысты.
Облыстық қоғамдық штаб мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен өткізілетін референдум жайында кеңінен түсіндіре отырып, жергілікті жерлерде халық арасында референдумның мән-маңызы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуі тиістігін айтты.

Референдум саяси. 1-бет
Мысалы, штаб мүшесі Исламбек Дастан конституциялық реформаны жергілікті халыққа қарапайым тілде түсіндіріп, референдумның негізінде жүзеге асырылатын өзгерістер, олардың халыққа берері тұрғысында сөз қозғады.

– Президентіміз екінші Қазақстанды – Жаңа Қазақстанды құру мәселесін көтерді. Оған себеп – жыл басындағы «қаңтар оқиғасы» және басқа да халықтың қажеттіліктерінен туындап отырған мәселелер. Қ.Тоқаев наурыз айындағы Қазақстан халқына Жолдауында саяси реформалар жүргізуді қолға алатынына тоқталған болатын. Соның бастысы – бүкілхалықтық референдум өткізу болып отыр. Референдумға ұсынылатын конституциялық түзетулер жобасы, негізінен, азаматтардың сұраныстарына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылмақ, – деді Исламбек Дастан.
Одан әрі баяндамашы, супер президенттік басқару үлгісінен прези денттік республикаға түбегейлі көшу, бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу, Парламенттің рөлін күшейтіп, мәртебесін арттыру, елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту және азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру турасында қолға алынып отырған ауқымды қадамдарға жеке-жеке тоқталып, қарапайым тілмен түсіндірді. Бастысы, конституциялық өзгертулер мен толықтыруларды жүзеге асыру – халықтың таңдауына беріліп отырғанын жеткізді.
Келесі кезекте, облыстық «Тіл орталығы» мекемесінің басшысы Гүлхан Әлімбекова, облыстық «Радонеж» орыстар қоғамы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владимир Сорокин де референдумға ұсынылып отырған – Қазақстан Республикасының Конституциясының 33-бабына енгі зілгелі отырған өзгерістер туралы әңгімелеп, осы саяси науқанға біркісідей қатысуға шақырды.
Жиынға қатысушылар облыстық жұмысшы топтың мүшелеріне сауалдарын жолдап, нақты жауаптар алды.

Әтіркүл ИСАЕВА,
«Меркі тынысы».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *