АЗАТ ПЕРУАШОВ МЕРКІЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

f6bdde96-cdae-436c-93eb-b4566316238e

5-МАУСЫМ КҮНІ  ӨТЕТІН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ҚАРСАҢЫНДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСІП, ҚР-НЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫНА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАРДЫ ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА, МЕРЕЙЛІ МЕРКІ ЖЕРІНЕ АТ БАСЫН ТІРЕГЕН «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ АЗАТ ТҰРЛЫБЕКҰЛЫ ПЕРУАШОВ «МЕРКІ – РАДОН» ШИПАЖАЙЫНДА БОЛЫП, ШИПАЖАЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ.

Жиынды «Меркі – Радон» шипажайының директоры Серік Мақажанов ашып, алғашқы сөзді Азат Тұрлыбекұлы Перуашовқа ұсынды. –Құрметті әріптестер, 5-маусымда елімізде үлкен бір іс-шара болайын деп отыр. Конституцияға ұсынылған өзгерістерді халық қарастырады және дауыс береді. Осыған орай, Парламент депутаттары жер-жерді аралап, насихат және түсіндіру жұмыстарын атқаруда. Мен де Алматыдан Таразға сапарым аясында Меркінің осы демалыс аймағына тоқтап, өздеріңізбен кездесуді шештім,– деп бастады өз сөзін Азат Тұрлыбекұлы.
–ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу неден шықты дейтін болсақ, жыл басындағы «қаңтар оқиғасы» көп ауыртпалықтар әкелді. Еліміздің облыс орталықтарында және көптеген қалаларында адамдар, оның ішінде, жастар көшеге шықты. Талай тәртіпсіздіктерге жол беріліп, оның соңы қақтығыстарға ұласып, мемлекеттік ғимараттар өртелді. Жүздеген азаматтар қаза тапты. Қазіргі құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша оның артында мемлекеттік төңкеріс жасамақ ниетте болған топтардың әрекеттері тұрғаны айтылуда, – деген Мәжіліс депутаты сол қаңтар-ақпан айларында өзінің «Ақ жол» партиясының төрағасы, белсенді азамат ретінде жасаған қадамдары туралы әңгімеледі. Азат Тұрлыбекұлы, сол кезеңдерде Алматы, Тараз, Шымкент және Қызылорда қалаларындағы түрмелерде болып, «қаңтар оқиғасы» кезінде қамауға алынған жігіттермен кездескенін, олардың ой-пікірлерін анықтау үшін бейнекамерасыз жерлерде оңаша тілдесуге мүмкіндік алғанын, ақырында 100-ден астам адамның тағдыры бойынша Бас прокурорға өзінің сауалдарын жолдағанын нақты айтып өтті. Бір айтарлығы, бұл қадамдары өз нәтижесін берген. Кездесу барысында, «Ақ жол» партиясының жетекшісі, республикалық референдумға ұсынылып отырған Ата Заңымыздың 33 бабындағы 56 өзгеріске тоқталып, олардың халықтың көкейінде жүрген, уақыт талабына сай алынып отырған мәселелер екенін түсіндірді. Сонымен қатар, ол ауылшаруашылығында шешілуге тиісті мәселелер мен экономикамызға қажетті өзгерістер туралы да тілге тиек етті.

e5ead070-64c5-482b-a5cd-c1abe5097123 c4c532a7-6a39-4f9a-9230-79de5279e7c1a2e84d24-c728-4cb8-bb4d-d3c7a1b28556b6ccb11a-7bb2-4a34-a1a4-929c8a1f91e1
Жиынға қатысушылардың сауалдарына тиянақты жауаптарын беріп өткен Азат Тұрлыбекұлы Перуашов, «Меркі – Радон» шипажайының «Ақ жол» партиясына өз арыздарын жазып, мүшелікке өткен бір топ қызметкерлеріне мүшелік билеттерін табыстады.
Саяси науқан қарсаңындағы мазмұнды кездесу жиынына «Ақ жол» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Мұхамбеталы Шалқарбеков, партияның Оңтүстік өңірлік кеңесшісі Асан Қошмамбетов, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттары Берік Тілебаев пен Шыңғыс Абдрахмановтар да қатысты.

Әтіркүл  Тәжібекқызы,
«Меркі  тынысы».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *