ЕСІРТКІГЕ – ЖОЛ ЖОЌ!

f0300b6c-0702-4dec-862e-fbaa858db495

Өткен аптаның жұмасы күні, А.Асқаров атындағы орталық стадион ерекше күйге еніп, түрлі-түсті спорттық киімдерін киген мектеп оқушылары сап түзеп жатты. Кеуделеріне таққан эмблемалары мен стадионның орта тұсына ілінген баннер де өткізілгелі отырған іс-шараның тақырыбы мен мазмұнынан хабардар еткендей.

Бұл – 26-маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне және Балалар жылына орай, аудандық білім бөлімі ұйымдастырған «Есірткіге – жол жоқ!» атты аудандық акция болатын. Аудандық білім бөлімінің әдіскері М.Қасымованың тікелей жетекшілігімен, оқушылардың «Үміт» сарайының қосымша білім беру педагогтары М.Төреқұлованың, Г.Козейбай мен Ж.Өмірәлиевалардың дайындауымен өткен акцияға ауданымыздың №№1, 4, 5, 9, 17, 18, 20, 39, 44 және 48 жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушылары қатысып, өздерінің өнерлерін флешмоб бағытында көрсетті. Осылайша олар өздерінің нашақорлыққа қарсы екендіктерін білдірді.
Аталған іс-шараны оқушылардың «Үміт» сарайының «Жібек жолы» би үйірмесінің жас бишілері «Көктем самалы» биімен ашты. Одан соң қатысушы командалар, әсем әуен аясында, кезек-кезегімен сапта жүріп өтті. Нашақорлық – ауыр дерт, оның алдын алу, жолын кесу – біздің қоғамдағы аса жауапты мәселелердің бірі болып табылады. Бүгінгі «Есірткіге – жол жоқ!» деп атының өзі-ақ айтып тұрған аудандық акцияның қатысушылары жан-жақты дайындықтарымен келіпті. Іс-шараның маңыздылығын түсінген
оқушыларымыз (әр мектеп өзінше) бірдей түсті спорттық киімдер мен бас киімдер киіп, қолдарына ұрандарын, шарлары мен жалаушаларын ұстапты. Біреулері патриоттық мәндегі әсем әндерді шарықтатып, дөңгелене билесе, енді біреулері қазіргі уақытқа сай би жанрларын таңдап, сол би ырғағымен тақырыпқа сай үйлесімділіктерін танытты.

7c3d6102-64b1-4106-a4ca-8a908c3f7f7f47d0d0ce-a8f3-45f8-af8c-48e964b4358d
…Жүргізушінің хабарлауына сәйкес, алаңның ортасына қарай көк футболка мен бастарына көк кепка киген №9 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің командасы саппен жүріп келеді. Түрлі спорттық қимылдарды жасай отырып, би билеген команда мүшелері жақсы дайындықтарын көрсетті.
Ортаға қарай аппақ киімдерімен және бастарына да аппақ кепка киген №17 И.Трубицын атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының өкілдері жүріп келеді. Жап-жасыл алаң үстін ақшаңқан «түрге» бөлей жылжып келе жатқан трубицындық команданың мүшелері өздерінің санының көптігімен де, таңдаған «Қазақстаным» әні аясындағы ерекше билерімен де дараланды. Қолдарындағы көкпеңбек жалаушалар да осынау өнерпаздардың әрекеттеріне өзгеше реңк бере түсті.
№20 Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары да, негізінен, бірдей ақ көйлек, көгілдір түсті шалбарларын киген, сонымен қатар, алқызыл түсті костюмдерін киген барабаншылар тобын да қосыпты. Алғашында қазақша әнмен тербелсе, арасында шетел сазымен билеп, ырғақтарын күшейте түскен. №39 Т.Қожакеев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының команда мүшелері ерекше дайындық үлгісін таныта алды. Үстілеріне киген ақ футболкаларына «көк шөптің» суреттерін салып, арқаларына Х белгісін қызыл сызықтармен орналастырыпты. Бұл – нашақорлыққа жол жоқ, – дегеннің нақты көрінісі екені түсінікті. Бірдей қимыл-қозғалыс пен үйлесімді ырғақ көптің көңілінен шықты. Ә, дегенде, қып-қызыл футболкалары мен және бірдей қызыл бас киімдерімен назарға іліккен команда – №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының оқушылары бо лып шықты.
Ортаға ерекше ұрандатып келген ақаралдықтардың өнерлеріне көпшілік тәнті болды. Бірнеше әннің әуенімен қазіргі жастар биін де биледі, спорттық қимылдарды да жасады, бәрі үйлесімді, бәрі жоғары деңгейде мазмұнды құрастырылған. Команда құрамының мұғаліммен және директордың орынбасарымен де толығуы – бұл білім ордасының акцияға ерекше жауапкершілікпен дайындалғанын байқатты.

90846f30-36ba-426b-97c7-fd6f638e09cbaa8bc26f-df45-4703-a102-e1d6a4971afa8f7b0bfd-7e9b-4bfd-a13f-7c94cddca0625f05a4ce-385c-48d6-96de-f99d3160d13f
Сонымен қатар, аудандық акцияға қатысқан №1, №48, №44, №4, №18 орта мектептерінің командалары да өзіндік үлестерін қосып, нашақорлыққа қарсы пікірлерін білдірді. Қалай болғанда да жарыстың аты – жарыс, сайыстың аты – сайыс. Әділқазылар алқасы барлық командалардың дайындықтарын таразылай келе, олардың өнерлері мен ізденімпаздықтарына, эстетикалық киім киістері мен ат ри буттарына, әлбетте, орындаушылық шеберліктеріне қарай жүлделі орындарды белгілеп, салтанатты түрде тапсырды.
Осы ретте, осы іс-шараға қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған жерлестерімізді атап өткеніміз жөн болар. Олар: жеке кәсіпкерлер – Әлия Аубакирова, Қазыбек Салахов, Меркі ауылдық округінің әкімі Ғазиз Байарыстан, аудандық кірістер басқармасының басшысы Мұрат Сырлыбаев, аудандық ішкі істер полициясының нашақорлыққа қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі Мәулен Базирбаев, аудандық білім бөлімінің әдіскері Мағрипа Қасымова және аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы». Бұл азаматтарымызға айтар алғысымыз шексіз.
Сонымен, Бас жүлде – №5 Ақарал ЖОББМГ-ның командасының қанжығасына байланды. 1-орынға – №17 Трубицын атындағы ЖОББМГ-ның  командасы, 2-орынға №44 және №20 мектептерінің, ал, 3-орынға №39 және №1 орта мектептерінің командалары
ие болды. №9, №4, №18, №48 орта мектептерінің ұжымдары Алғыс хаттармен марапатталды. Барлық командаларға бағалы сыйлықтар қоса тапсырылды. Міне, жасөспірімдердің психологиялық ахуалын нығайтуды, кәмелетке толмағандар арасында құ
қық бұзушылықтың алдын алуды,нашақорлық пен басқа да әдепке қайшы мінез-құлықтарды болдырмауды мақсат еткен тағы бір үлкен іс-шара мәресіне жетті. Екі сағатқа жуық уақыт бойына орталық стадион төсінде патриоттық әндер бірнеше тілде айтылып, түрлі ырғақты билер биленді. Тақырыпты ашу жолындағы түрлі киімдер, эмблемалар мен жалаушалар, шарлар мен ленталар жасыл алаңға көрік берсе, қатысушылардың да, көрермен қауымның да көңілдеріне ерекше сезім сыйлағаны анық.

Әтіркүл  ИСАЕВА,
«Меркі  тынысы».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *