ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ХАЛЫҚҚА ТИІМДІЛІГІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылы 5-мамырдағы мәлімдемесіне сәйкес Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынды. Жалпы референдум дегеніміз – Жолдауда жариялаған реформаларды халықтың таңдауы арқылы құқықтық тұрғыда бекіту.
1995 жылдан бері алғаш өткелі жатқан референдум – Ата Заңымыздың үштен бір бөлігін өзгертуі мүмкін. Нақтылай кететін болсақ, 98 баптың 33-бабына 56 толықтыру енгізу жоспарланып отыр. 25-сәуірде Конституцияға түзетулер енгізумен айналысып жатқан жұмыс тобы өздері дайындаған өзгертулерді жариялаған болатын . Бұл өзгертулерде 1995 жылы таратылған Конституциялық сотты қайта құру; Президентке саяси партияларға мүше болуға, ал оның жақындары мен туыстарына саяси және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқаруға тыйым салу; Парламент жұмысы мен сайлау жүйесін өзгерту, жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі атты мәселелері қамтылған. Бұл референдумды қолдау арқылы Әділетті Қазақстанды құру және Жаңа Қазақстанның қалыптасуына бағытталған.
Алдағы конституциялық референдум тек бір қала немесе облыс тағдырына байланысты емес, ол тұтас мемлекеттің болашағына әсер етеді, бұдан да жарқын келешектің іргетасын қалайтын аса маңызды күн деп ойлаймын. Сондықтан да, 5-маусым күні өтетін референдумға белсене қатысуға шақырамын!

Күлайым  ШАҒАТАЕВА,
«AMANAT» партиясы Меркі аудандық
филиалының атқарушы хатшысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *