ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ

Қазіргі таңда ауданымызда көліктің түрлері мен санының артуына байланысты көліктегі құқық бұзушылықтар жиі тіркелуде. Құқық қорғау органдары қабылдаған бірқатар шараларға қарамастан, жол-көлік оқиғасы салдарынан ауыр жарақат алғандар  мен адамның қайтыс болған фактілері орын алуда. Зардап шеккендердің ішінде еліміздің болашағы – жастар мен жасөспірім балалар да бар.

Өткен жылы жүргізушілердің кінәсінен 22 жол — көлік оқиғасы орын алып, 12 адам қаза болды. Бұл қылмыстың 3/1 бөлігі көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның немесе ішімдік ішіп, масаң күйде көлік жүргізген жүргізушінің кесірінен болған.
Ағымдағы жылғы 5 айда аталған бағытта 10 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы салдарынан 6 адам қаза болды. Бұл бағытта барлық кінәлі тұлғалар аудандық соттың үкімімен 2 жыл 6 айдан бастап 5
жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Соңғы 2 жылда көлік құралын ішімдік ішіп, масаң күйде басқарғаны үшін 72 адам аудандық соттың қау лысымен 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған.
Талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғасының орын алуына жүргізушілердің жол жүру ережелерін сақтамауы, масаң күйде көлікті басқаруы, көліктің жылдамдығын белгіленген шектеуден асыруы, ақауы бар көлікті басқаруы, бағдаршамның реттеу дабылы мен жол жүрісі белгілеріне  бағынбауы, қауіпсіздік белбеуін және балаларға арналған орындықтарды қолданбауы, көлікті басқару кезінде смартфондар мен басқа құрылғыларға ойдың бөлінуі, жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздік ережелерін бұзуы және тағы басқа негіздер себеп болған. Осыған байланысты, аудан прокуратурасы жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға, жоғарыда көрсетілгензаң бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.
Құқық қорғау органдары жүргізген іс-шаралардың нәтижесіндеқала мен аудандарға қатынайтын көлік құралдарының арасынан жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етпейтін көлік құралдары жиі анықталып жатады.
Осыған байланысты, сапарға шыққан азаматтарды тасымалдайтын автокөліктің кемшіліктеріне аса назар аударуға шақырамыз. Егер, автокөліктің кемшіліктері сіздің қауіпсіздігіңізге қауіп төндірсе, көліктен дереу түсіп, жүргізушінің тасымалдау қағидасын сақтамау фактісі бойынша құқық қорғау органдарына хабарласуыңызды сұраймыз.
Себебі, жол-көлік оқиғаларының алдын алу тек құзырлы органдардың жұмысы емес, бұл ел болып атсалысатын, қоғам болып шешетін мәселе. Сонымен қатар, ауданымызда бақылаусыз мал жаю салдарынан жол-көлік оқиғалары тіркелуде. Осыған байланысты, ауылшаруашылық малдарын ауылдық муниципалитеттердің арнайы әкімшілік жерлерінде жаюға, оларды тек ауыл әкімшілігі бекіткен маршрутпен айдауға, ауылшаруашылық жануарларын қараусыз қалдырмауға шақырамыз.
Тұрғындар өз міндеттеріне немқұрайлылық танытып, ауыл шаруашылығы малдарын жаю ережелерін бұзған жағдайда әкімшілік жауаптылықтың туындайтынын ескер теміз. Айтылғандардың негізінде жол қозғалысының барлық қатысушыларын (жаяу  жүргіншілер, велосипедшілер, жүргізушілер, жолаушылар) жолда жүру ережелерінсақтауға шақырамыз.
Ата-аналар балаларын жастайынан жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, оларды жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы, бағдаршамның жасыл сигналына немесе жерасты жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өтулеріне, автокөлікке отырған сәтте қауіпсіздік белбеуін тағуға, жүргізушіні алаңдататын әрекеттерді жасамауға, терезе мен люктерден дене бітімін шығармауға, автомобиль қозғалысы кезінде есіктерді ашпауға үйретуге шақырамыз.

АУДАНДЫҚ  ПРОКУРАТУРА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *