ЖҰРТТЫҢ МҮДДЕСІ ЖОҒАРЫ ТҰРУЫ ТИІС

Жұрттың мүддесі жоғары тұруы тиіс 1

Иә, өткен жұма күні ауданымызға жасаған іс-сапары барысында халықпен емен-жарқын жүздесіп, сонымен қатар, бірқатар жұмыстармен жергілікті жерде жіті танысқан мәжілісмен Нұрымова Гүлдара Алданышқызының жиі айтқан, сондықтан да жұртқа жақын тәмсілінің бірі осы болды.  

Жұрттың мүддесі жоғары тұруы тиіс 2

  Жұрттың мүддесі жоғары тұруы тиіс 3

Жаңа Қазақстанды құру жолында «Халық үніне құлақ асатын үкімет» қағидаты қатаң сақталмаса, көл басына қармақсыз барып, балықтың сорпасын «дәметкен» базбіреу, ойсыз жан  алаңғасардың күйін кешетініміз рас. Осы ретте, билік пен халықтың арасын алтын көпірдейін жалғап, ел ішіндегі қордаланған мәселелерді Ақорданың төрінде талдауға қауқарлы һәм тиісті Мәжіліс депутаттары соңғы кезде жұрт жағының жанайқайына да жиі құлақ түріп жүргендері байқалады.
Көпшілік білетіндей, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова да осы жылдың көктемінде, дәлірек айтқанда, мамыр айының 26-сы күні ауданымызда болып, ел ішінің тыныс-тіршілігімен терең танысып қайтқан болатын-ды.
Араға аз ғана уақыт салып, Меркі жеріндегі мәселелермен қайта таныспақ болған Г.Нұрымова, алдымен, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында өткен аудан тұр ғындарын жеке қабылдауында олардың өтініштерін тыңдап, сұрақ-сауалдарына жауап берді.
Оларға тоқтала кетсек, мысалы, Ойтал ауылдық округінің тұрғыны Ерлан Шарипов ағайын арасында туындаған жер дауы мәселесін ортаға салса, Сарымолдаев ауылдық округінің тұрғыны Шахида Тілеумұратова Садовая көшесінің жолын жөндеуді  жұрт атынан сұрады. Ал, соңғы аталған округтегі О.Карбозов көшесінің тұрғыны Нұржамал Шабикова өзінің тұрғын үйі барын, дегенмен, оны үлкейту мақсатында қаржылай несие алу мен кәмелетке толған ұлын тұрғын үй немесе үй салуға арналған жер теліміне кезекке қою тәртібі туралы ақпар алды. Бұл мәселелер бойынша, Г.Нұрымованың жеке қабылдауына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев, «AMANAT» партиясының аудандық филиалы атқарушы хатшысының уақытша міндетін атқарушы Дәулет Кемелбеков, тиісті бөлімдердің жауапты мамандары мен Ойтал ауылдық округінің әкімі Арман Рахымбеков және Сарымолдаев ауылдық округі әкімінің орынбасары Талғат Садықбеков те заң шең берінде бірлесе жауап берді.
Келесі кезекте Г.Нұрымова Сарымолдаев ауылдық округіндегі жеке тұрғын үй салуға арнайы бөлінген, 21 гектар алқапқа барды.
Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев пен аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Тұрар Дулатбаев, сонымен қатар, округ әкімі Сәбит Бәбіжановтың айтуынша, мұнда жер кезегінде тұрған 109 адамға 10 сотықтан жер
бөлінген. Оның 12-сі өз үйлерінің құрылысын бастап та кеткен екен.
Одан кейін Сұрат ауылдық округіндегі жеке тұрғын үй салу үшін инфраструктуралық талаптардың бірі – электр желісі тартылып, жыл аяғына дейін 224 млн. теңге қаражатқа ауыз су жүйесі жүргізілуі тиіс 30 гектар алқапта (180 шаңырақ бой көтереді) болған
Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымоваға округ әкімі Жасұлан Жантелиев округте атқарылып жатқан басқа да жұмыстар туралы ақпар берді.

Әлихан  НҰРАЛИЕВ,
«Меркі  тынысы».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *