АЛҒЫСЫМДЫ БІЛДІРЕМІН

Алғысымды білдіремін (суреті)

Мен  №7  А.Тұрғымбаев  атындағы  ЖОББМ-нің  11-сынып  оқушысымын.  Қазақ елінің бір азаматшасы ретінде  өзімнің білім алу деңгейіме бейғам қарай алмаймын. Алға қойған мақсаттарымды жүзеге асыру жолында үнемі ізденісте жүремін.

Осы ретте, маған аудандық орталық кітапхананың қызметі көп көмегін тигізіп отырғандығын ерекше атап өткім келеді. Осында мен тұрақты оқырманмын. Сабақтарыма дайындаламын, іздеген кітаптарымды да оңай тауып, оқимын. Кітапханада барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Оқырмандар залының іші таза, жарық әрі тып-тыныш. Ғаламтор желісі жақсы жұмыс істегендіктен, мұнда мүмкіншіліктер мол. Оған мекеме қызметкерлерінің ықыласты қызметін қосыңыз. Оларға айтар алғысым шексіз.
«Ізденген жетер – мұратқа» – дейді халқымызда, сондықтан да мемлекетімізде мектеп оқушыларына, жалпы, жастарға жасалып жатқан жағдайларды риза көңілмен қабылап, еліміздің бізге артып отырған сеніміне лайықты болуымыз керек деп ойлаймын. Және де, құрбы-құрдастарымды осы орталық кітапханаға жиі келіп, білім нәрімен сусындауға шақырамын.

Жансая  ӘБЕН,
№7  А.Тұрғымбаев  атындағы
ЖОББМ-нің  11-сынып  оқушысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *