ЕГІС-ДАЛА АЛҚАПТАРЫН ӨРТТЕН ҚОРҒАЙЫҚ

Дала өрті

Ең  алдымен, адам  өмірін, сонымен  қатар, дүние-мүлікті  өрттен  сақтау – әрбір  азаматтың  борышы. Ата-бабаларымыз  «Жеті жұттың»  біріне  санаған  өрт  апатын, шындығында,  «Тілсіз  жау»  деуге  тұрарлық.

Қазіргі кезде, яғни, жаз айларында елді-мекендерде ескі қоқыстар мен шөп қалдықтарын, егіс жинау кезінде, жер айдау алдында сабан қалдықтарын өртегенде отты бақылаусыз қалдыруға болмайды. Негізі, кез келген жерде ашық от пайдалануға қатаң тыйым салынады. Шаруашылықтардың жазғы мал қоралары елді-мекендердің шалғай орналасуына байланысты, өрт бола қойған жағдайда оны сөндіретін өрт автокөліктері апат орнына тез арада бара алмайды. Сол себепті, ұжымдардағы су таситын автокөлік, қолда бар басқа да техникаларды өрт сөндіруге бейімдейік. Өрт шыға қалса, аталған техникалармен және қолда бар өрт сөндіретін құралдармен өртті тез арада сөндіру керек.
Жыл сайын аудан көлемінде, әсіресе, жаз айларында шаруашылық басшыларының және жеке азаматтардың жауапсыздығынан дала өрттері пайда болып, табиғатқа көп зиян келуде. Көп өрттер азаматтардың өрт қауіпсіздік ережелерін білмегендіктерінен және немқұрайлықтан болады.
Орман-тоғайлы жердегі өрттердің шығуының көп себептері – орман бақылаушысының жоқтығын пайдаланып, кейбіреулер өз еркінше от жағады да оны өшірмей кетеді. Дала өрті қоғамымызға әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге белгілі бір дәрежеде нұқсан келтіреді. Өйткені, дала өртіне мал жайылымдары, шабындықтар, желге қалқан болатын, табиғатқа көрік беретін әсем ағаштар мен өсімдіктер, онда мекендейтін жануарлар ұшырайды. Сондықтан, табиғат байлығын қорғауда орман шаруашылығы мекемесі қызметінің маңызы зор.

АУДАНДЫҚ   ТӨТЕНШЕ   ЖАҒДАЙЛАР   БӨЛІМІ.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *