МЕРЕЙ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!

Мерей – Азия чемпионы (суреті)

Осы  жылдың  9-шілдесі  күні, Бахрейн  мемлекетінің  Манама  қаласында  еркін  күрестен  U20  жасқа  дейінгі   жастар  арасында  Азия чемпионаты  болып  өтті.

Аталған  чемпионатқа  жерлесіміз, №22  балалар  мен  жасөспірімдер  спорт  мектебінің  түлегі  Мерей  Базарбаев  қатысып, жүлделі  І  орынды  жеңіп  алды. Осынау  талай-талай  мықтылар  жиналған  үлкен  сайыста  өзінің  шеберлігін, мықтылығын  көрсете білген  Мерей  Асқарұлы  Қазақ  елінің  намысын  қорғап, биік  тұғырға  көтерілді.
Жас чемпионның тамаша табыстарында, бүгінгі жеңісінде жаттықтырушысы Нұрбай Абаевтың да еңбегінің зор екені анық. Ел мерейін үстем еткен Мерейді үлкен жеңісімен құттықтап, болашақта бұдан да үлкен белестерді бағындыруына сәттілік тілейміз.

«МЕРКІ  ТЫНЫСЫ».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *