ОЙТАЛ МЕН МЫҚАНДЫДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Ойтал мен Мықандыдағы кездесу (суреті)

Аудан  әкімі  Жорабек  Нұрмергенұлы  Баубеков  осы  аптада  да  елді  мекендерді  аралап, халықпен  кездесулерін  жалғастырды. Бұл  жолы  Ойтал  және  Мықанды  ауылдарының  тұрғындарымен  кездесті.

Ойтал мен Мықандыдағы кездесу (суреті 2)

Кездесулерде Жорабек Нұрмергенұлы ауылдардағы проблемалардың барлығы зерделеніп жатқанын және олардың кезең-кезеңімен ауданның даму жоспарына енгізілетінін түсіндірді. Сондай-ақ, жоспарлы жұмыс жүргізудің маңыздылығын айта келе, ең бастысы, ауыл халқының әл-ауқатын жақсарту, табыс көзін арттыру екенін жеткізді. Осы келтіре отырып айтып берді.
Одан кейін, ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын аудан әкіміне қойып, түрлі тақырыпта ашық-жарқын әңгімелесті. Мәселен, атап айтар болсақ, Ойтал ауылының тұрғындары ауыл мен аудан орталығына қоғамдықкөліктің қажеттігі, мектептің көшесіне түнгі жарықтандыру жүргізудің және шағын орталыққа балалар ойын алаңының қажеттігі жайлы мәселе көтерді. Ал, Мықанды елді мекенінің тұрғындары болса, ауылға газ жүйесін жүргізу және ауыл көшесін жөндеу жөнінде өтініштерін білдірді.
Жорабек Нұрмергенұлы тұрғындарға заң аясында жауап беріп, көтерілген мәселелер жоспарға сәйкес, кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

Қазыбек  КАМАЛ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *