СУДА АБАЙЛАҢЫЗ!

суға шомылу

Су – тіршілік көзі және табиғаттың берген сыйы. Жер бетінің 75 пайызын су алып жатыр, яғни, төрттен үш бөлігін. Суды күнделікті тұрмыста әртүрлі қажеттілігімізге пайдаланамыз. Судың адам өміріне және денсаулығына маңызы өте зор. Суда адамдар емделеді, тынығады, денсаулығын жақсартады. Бірақ, адам өміріне де қауіпті әсерлері бар.

Ережеде мынадай жайттарға ҚАТАҢ тыйым салынады:
– тақтайларды, бөренелерді, доптарды,
үрлемелі резеңкелерді қолдануға;
– қайықтар, кемелер тоқтайтын айлақтарда
шомылуға;
– мас күйде шомылуға;

 – бірін-бірі тұншықтырып ойнауға;
– жағажайда спирттік ішімдік ішуге;
– суды және жағажайды ластауға;
– жағажайға үй жануарларын, ит-мысықтарды әкелуге;
– жүзе білмесең белден жоғары жерлерге түсуге;
– қатты ағысты, иірімді жерлерге шомылуға болмайды.
12 жасқа дейінгі жасөспірімдерді ересек адамдардың қарауымен 0,7 метр тереңдіктен аспайтын арнайы жабдықталған орындарға шомылдырған жөн. Суға жүзуге суы мөлдір, терең емес, асты біркелкі тегіс, ағысы қатты емес, иірімі мен балдырлары жоқ жерлер таңдалуы керек. Суға түскенде абайлап, асықпай түсіп, терең емес жерден денені суға үйретіп алған дұрыс. Суда 10-15 минуттан аспай жүзген жөн. Өздеріңізді суда шаршауға, жаурап, қалтырауға дейін апармаңыз. Кез келген жерден судың тереңдігі мен су асты құрылымын білмей сүңгуге болмайды. Суға тек арнайы сүңгуге жабдықталған, суы мөлдір, асты тереңдеу жерлерде сүңгу керек. Суда жүзіп жүріп кенеттен дене мүшелері, аяқ-қол сіңірлері тырысуы мүмкін. Бұның салдары мынадай: дененің жаурауы, суда тынымсыз, ұзақ уақыт жүзудің салдарынан бұлшық еттердің әлсіреуі, суға үйренбеген денемен жүзу, күн астында терлеп отырып, суға сүңгу. Суда жүзіп жүріп жаурағанды сезінсеңіз, жүзуді тоқтатып, жағаға шығып, жылынып алыңыз. Өзіңізді қалтырауға дейін жеткізбегеніңіз жөн.

АУДАНДЫҚ  ТӨТЕНШЕ  ЖАҒДАЙЛАР  БӨЛІМІ.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *