ЖАҢА ДƏРІХАНА АШЫЛДЫ

Жаңа дәріхана ашылды сурет

Жалпы, назар  аударып  қарасақ, соңғы  10-15  жылда, Меркі  жерінде  көптеген  нысандар  салынып, бұрыннан  қолданыста  барлары  күрделі  жөндеуден  өткізілді.

Жаңа дәріхана ашылды суреті                   Жаңа дәріхана ашылды (2)

Ауылдарымызда уақыт талабына сай білім ошақтары, клубтар мен мәдениет үйлері, дәрігерлік амбулаториялар мен медпункттер, сондай-ақ, кітапханалар көпшілікке қызмет етуде.
Осы ретте, ауданымызда тұрғындардың күнделікті табыстарын арттыру және жұмыспен қамтылған азаматтардың санын ұлғайту, соның  ішінде, кәсіпкер жастарды қолдау мақсатында да біршама жұмыстар жоспарлы жүзеге асырылуда.
Тәтті ауылдық округінде көптен бері көтеріліп жүрген мәселелердің бірі – дәріхана ашу мәселесі еді. Аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекен үшін тұрғындардың керекті дәрі-дәрмектеріне қол жеткізуі ылғи да қиынға соғатын. Осы жағдайды назарына алған, тәттілік «SultanPro 2022» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі Жазира Қартхожаева кәсіпкерлік мақсатта дәріхана жұмысын қолға алған болатын.
Міне, өткен аптада, Тәтті ауылының орталығында дәріхананың ашылу салтанаты болып өтті. Жаңа нысанның ашылу салтанатына ауыл әкімі Талғат Әлметов, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысып, лентасын қиды. Қуанышқа жиналған қауым жаңа дәріхананың жұмысына сәттілік тілеп, жылы  лебіздерін  білдірді.

Жалпы, айта кетуіміз керек, Жазира Қартхожаева кәсіпкерлікті серік етіп, өзін-өзі жұмыспен қамтуда өзгелерге үлгі көрсетіп жүрген жан. 2020 жылы мемлекеттік қайтарымсыз грант алса, кейіннен, «Ауыл шаруашылығын  қаржылай қолдау қоры» арқылы мал басын өсіріп дамыту үшін шағын несие  алып, өз кәсібін дөңгелетуде. «Жақсының  жақсылығын  айт» – демекші, міне, енді  ауылдастарына да қолдау көрсетіп, игі  істің себепшісі болып отыр.

Әтіркүл  ТӘЖІБЕКҚЫЗЫ,
«Меркі  тынысы».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *