Балаларға арналған сыйлықтар, ең алдымен, қауіпсіз болуы керек. Ойыншықтарды сатып алу кезінде мұқият болу қажет. Сатып алудан бұрын сатушылардан тауардың қауіпсіздігін растайтын сәйкестік сертификатын ұсынуды талап етіңіз. Күмәнді жерлерде өнімді сатып алмаңыз, таңбалауға назар аударыңыз. Ережелерді сақтай отырып, сіз балаңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аласыз.
Ойыншықтарды әркім өз қалауымен таңдайды: біреу белгілі бір өндіруші компанияға, басқалары бағаға, ал басқалары сыртқы келбетіне назар аударады. Алайда, сатып алу кезінде барлық ата-аналар сатушылардан бірдей қуыршақтардың немесе ойыншық машиналардың қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап етпейді. Бірақ, балалар ойыншықтары, ең алдымен, заң бойынша қауіпсіз болуы керек.
Осыған байланысты, балалардың денсаулығына қамқорлық таныта отырып, сыйлық таңдау барысында келесі ережелерді сақтауды ұсынамыз:
*балаларға арналған ойын шықтарды таңдағанда, өндірушінің нұсқауынсыз сатып алудан аулақ болу керек. Балалар ойыншығын сатып алмас бұрын, оның орамасы бар-жоғын тексеру керек, осылайша тасымалдау және сату кезінде ойыншықтың сыртқы ластанудан қорғалғанына сенімді боласыз;
*көбінесе өндірушілер қаптамада баланың назарын аудару үшін ерекше дизайн мен ашық түстерді пайдаланады. Алайда, ойыншықтың шеттері жарықсыз, тегіс және баланың нәзік терісіне жарақат әкелмейтіндей, өткір ұштары жоқ екеніне көз жеткізу керек;
*жарық түсті ойыншықтардан аулақ болыңыз, өйткені, оны жасау барысында улы бояғыштар мен ауыр металдар қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ, егер бояу қолға оңай жағылса немесе бояуы ұшып кетіп жатса, ойыншық сатып алуды қарастырмаған жөн;
*егер ойыншық жағымсыз химиялық иіс шығарса, онда ол сапасыз материалдан жасалған. Ойыншықтарды тек мамандандырылған дүкендерден сатып алыңыз және заңсыз саудадан аулақ болыңыз.
*ойыншықтың өткір сынықтары болмайтын қатты материалдардан жасалғанына көз жеткізіңіз. Өйткені, балалар ойыншықтарды үнемі құлатып немесе лақтырып ойнайтындықтан, өткір сынықтардан өздеріне зақым келуі мүмкін. Егер сіз бір жасқа дейінгі кішкентай балаға ойыншық таңдасаңыз, мұндай тексеруді жүргізу өте маңызды;
*емшек жасындағы балаларға арналған ойыншықтардың беті боялмауы және шылдырмақтардың суреті болмауы керек, сосын, соққыға берік болуы тиіс. Сұйықтықпен толтырылған ойыншықтардағы сұйық тық ағып кетпеуі керек.
*3 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтарда табиғи (үлпілдекті) үлбірді, табиғи былғары теріні, шыныны, фарфорды, түкті резеңкені, картонды және қағазды қолдануға жол берілмейді.
*3 жасқа дейінгі балаға ұсақ немесе нық бекітілмеген бөлшектері бар ойыншықтарды сатып алмаңыз! Ұсақ бөлшектер тыныс алу жолдарына түсіп, тұншығуды тудыруы немесе зиян келтіруі мүмкін. Көздер – «түймелерді», мұрындарды және ойыншықтардың
басқа да ұсақ бөлшектерін қызығушылық танытқан кішкентай бала оңай бұрап, жұлып алады.
*егер сіз дыбыстық эффектілері бар ойыншықты таңдасаңыз, алдымен, дыбыстың қатты емес екеніне көз жеткізіңіз. Ойыншықтағы дыбыс реттелген болуы керек.
*жаңа ойыншықты жылы сумен және сабынмен жуыңыз. Сапалы ойыншықтар жуғаннан бүлініп кетпейді, ал сапасыз болса, барлық артық заттар жуылып кетеді.
Бүгінгі таңда балалар ойыншықтарының сапасы мен қауіпсіздігін бақылау – өнімнің қауіпсіздігін бақылау арқылы жүзеге асырылады және балаларға арналған өнімдерді анықтауға, алдын алуға және әкелуге, өндіруге, қолдануға және сату жолдарын бақылауға бағытталған.
Ойыншықтар тек дамып қана қоймай, адам өліміне алып келуі мүмкін. Сондықтан, оларды таңдауға мұқият қарау керек, сатушылардан олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттарды талап ету қажет. Өйткені, сіздің таңдауыңыз – балалар алдындағы үлкен
жауапкершілік. Жақсы, әрі сапалы сыйлық таңдау – сіздің балаңыздың қуанышының кепілі!
Ә.БЕЙСЕХАНҚЫЗЫ,
аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бас маманы.