РЫСҚҰЛОВТЫҚТАРМЕН БОЛҒАН КЕЗДЕСУ

Рысқұловтықтармен болған кездесу (суреті)

      ҚАЗІРГІ УАҚЫТТАРДА, ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТІМІЗДІ ЖАҢА БЕЛЕСТЕРГЕ КӨТЕРУ ЖОЛЫНДА КӨПТЕГЕН ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА. СОНЫҢ БІР БАҒЫТЫ – ХАЛЫҚҚА ЖАҚЫН БОЛУ, ЕЛДІҢ ОЙ-ПІКІРІМЕН САНАСА ОТЫРЫП, МӘСЕЛЕЛЕРДІ ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕ ШҰҒЫЛ  ШЕШУДІҢ ЖОЛДАРЫН ҚАРАСТЫРУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Рысқұловтықтармен болған кездесу 1                           Рысқұловтықтармен болған кездесу 2

Рысқұловтықтармен болған кездесу 3

      Осы аптаның сәрсенбісі күні, аудан әкімі Жорабек Нұрмергенұлы Баубеков Т.Рысқұлов ауылдық округінде іс-сапармен болып, қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген тұрғындар, әлбетте, өздерін мазалаған сауалдарын қойып, қажетті көмектерін сұрады. Олардың қатарында, жол жөндеу мәселесі, жайылымдық жердің тапшылығы, атаулы әлеуметтік көмек пен қайтарымсыз грант алу, жер кезегіне тұру, Интернационал ауылына балабақшаның қажеттігі және тағы басқа мәселелер болды.
Сонымен қатар, бірқатар көпбалалы аналар балаларының мектептегі оқу құралдарын пайдалануға қатысты сауалдармен де қайырылды.
Аудан басшысы Жорабек Нұрмергенұлы, тұрғындарға заң аясында жауап беріп, көтерілген мәселелерді өзінің бақылауына алды. Сондай-ақ, қоғамдық қабылдауға әкіммен бірге келіп қатысқан аудан әкімдігінің бөлімдері мен мекемелерінің басшылары да өздерінің салалары бойынша тұрғындарды қабылдап, оларға нақты жауаптарын берді.
Осындай, тұрғылықты жерінде жүздесіп, көпшілікпен сұхбаттасудың берері де көп екені белгілі. Бұл Президент Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында көрсетілген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет құру» тұжырымдамасына сәйкес, атқарылып отырған жұмыстардың бір парасы, десек қателеспейміз.

Әтіркүл  ТӘЖІБЕКҚЫЗЫ,
«Меркі  тынысы».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *