ҮШЖАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

Үшжақты комиссия отырысы 1

      АПТА  БАСЫНДА, АУДАН  ӘКІМІ  ЖОРАБЕК  НҰРМЕРГЕНҰЛЫ  БАУБЕКОВТЫҢ  ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН,  ӘЛЕУМЕТТІК  ӘРІПТЕСТІК, ӘЛЕУМЕТТІК  ЖӘНЕ  ЕҢБЕК  ҚАТЫНАСТАРЫН  РЕТТЕУ  ЖӨНІНДЕГІ  АУДАНДЫҚ  ҮШЖАҚТЫ  КОМИССИЯ  ОТЫРЫСЫ  БОЛЫП  ӨТТІ.

Үшжақты комиссия отырысы 2                  Үшжақты комиссия отырысы 3

      Отырыстың күн тәртібінде 2022 жылы «Меркі аудандық орталық ауруханасы» және «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС-нің жұмысшыларына ай сайын есептелетін әлеуметтік аударымдарды бірнеше рет уақытын өткізіп төлеу мәселесі қаралып, комиссияның 2022 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.
Аталған фактілер бойынша «Меркі аудандық орталық ауруханасы» басшылығы жұмысшыларына әлеуметтік төлемдердің кешігіп төленуі – облыстық басқарма тарапынан қаражаттың дұрыс қарастырылмауынан орын алғанын алға тартса, «Меркі ірімшік зауытының» өкілі жұмысшыларға әлеуметтік төлемдердің кешігіп төленуі қаражаттың тапшылығына байланысты екенін жеткізді.
Жорабек Нұрмергенұлы аталған мәселелерді шешу бойынша мекемелердің басшылығына тапсырма беріп, бұл мәселе комиссияның бақылауында болатынын жеткізді.
Одан кейін, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Тоғжан Тұрсыналы комиссияның жартыжылдықта атқарған жұмыстары туралы баяндады. Алынып отырған уақыт ішінде, аудандық әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы 5 рет өткен. Осы отырыстарда аудан аумағындағы еңбек қатынастарына қатысты бірқатар мәселелер шешімін тапқан. Сондай-ақ, облыстық еңбек тәуекел қауіпі жоғары «Ыстық нүкте картасына» енгізілген мекемелерді аталған картадан шығару жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, комиссия отырысында «Meralco» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшыларымен электронды еңбек шарттарын жасау мәселесі қаралып, аудан әкімі мекеме басшылығына жуық арада бұл мәселені шешуді тапсырды.

«Меркі  тынысы».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *