АЛАШТЫҢ АРДА ТУҒАН АСАНБАЙЫ

2486ad1a-3168-4d88-a4df-2a6de1182b71

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл толуына арналып, Меркі жерінде ұйымдастырылған маңызды іс-шаралардың бірі – республикалық ақындар айтысы болды. Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстары мен Шымкент қаласынан және Жамбыл облысының аудандарынан ат арылтып келген 22 айтыскер қатысқан жыр додасы 2 күнге созылды. 

6cc3c48d-2726-4b96-8cf8-924e5ddf4671                       d67492ff-9f3c-4c30-9a3c-7cb0951db4e0

 b2bbe557-e908-4ed2-b63c-6fdff39026b4                     db56e46a-fe0c-4264-b624-5352a264f225

cb1b4d9d-2612-43dd-8e54-8cebd33c40b0                      084de3f1-efba-4f8f-a936-d924a2a9d331

Айта кетуіміз керек, республикалық айтысқа төрелік етіп, өз бағаларын беру үшін құралған әділқазылар алқасында: күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Әбдімомын Желдібаев, жазушы-журналист, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Көсемәлі Сәттібай, ақын, Меркі ауданының Құрметті азаматы Шырын Мамасерікова, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Талас ауданының Құрметті азаматы Үміт Битенова, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, профессор Сағындық Ордабеков, жазушы-журналист, «AULIEATA-MEDIA» ЖШС-нің бас директоры Оралхан Дәуіт, айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағы облыстық филиалының төрағасы, айтыскер ақын Ахметжан Өзбеков, тәуелсіз сарапшы, ақын, журналист, республикалық «Жас алаш» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Нұрмұқап Әбдібек болды.

817ff61e-ec40-4b58-912d-21fe453c6f58                     f4ba2162-3eb5-4af7-b5d7-d0b573ec05e3

Екі күнге созылған жыр бәйгесінде жүзден жүйрік шыққан Байзақ ауданынан келген жас ақын Дархан Әбдіманат Бас жүлдені (1 млн. теңге) жеңіп алды.

І орынды (700 мың теңге) Түркістан облысынан келген азулы ақын Дәурен Ақсақалов иемденді.
ІІ орынды (әрқайсысына 500 мың теңгеден) жуалылық ақын Қанат Мырзахан, қарағандылық Ботагөз Мұхитдинова және  құландық Айтбек Тұрсынбаев иеленді.
Ал, ІІІ орынға (әрқайсысына 300 мың теңгеден) қызылордалық Нұрмат Мансұров, маңғыстаулық Нұрлан Мұсаев және тағы бір байзақтық ақын Рай Дөңбай лайықты деп табылды.
Қалған ақындарға көтермелеу сыйлықтары (100 мың теңгеден) табысталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға белгілі ақын Күләш Ахметованың «Отан» атты кітабы табыс етілді.

P.S. Сонымен, мерейлі Меркі жерінде Тұраннан шыққан дара тұлға Асанбай Асқаровтың туғанына– 100 жыл толуы құрметіне ұйымдастырылған республикалық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Үлкен жыр додасына бұрыннан белгілі айтыскерлердің көбісі келмесе де (бәлкім, ұйымдастырушылар осылай шешкен болар), жаңарған, жасарған ақындар легі тойдың туын биікте желбірете алды.
Ең бастысы, әрбір ақын тақырыптан алшақтамай, жыр дестесін төгілтті. Бір-біріне қойған сыни сауалдары мен қалжың-қағытпаларына дер мезгілінде тиянақты жауап бере алғанының куәсі болдық.
Сонымен қатар, айтыскерлеріміз Меркіміздің өткені мен бүгінін барынша зерделепті. Тарих қойнауына «сүңгіп», «алтындарымыз бен бар құндылықтарымызды» жағаға қайта алып шыққанындай әсер алдық. Туған жерімізді қаншалықты қастерлеп, мақтан тұтып жүрсек те, айтыс өткен екі күн ішінде ақпаратымыз артып, біліміміз молайып, рухани байып қалғанымыз анық. Демек, республикалық айтыс өзінің мақсатына сәтті жетті десек, қателеспейміз. Ұлттық өнеріміз – сонысымен де дара, сонысымен де құнды.

Әтіркүл ИСАЕВА, «Меркі тынысы» газетінің Бас редакторы.

(Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің 23-қыркүйекте шыққан №75 нөмірінен оқи аласыздар)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *