АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ – АЛДЫҢҒЫ ОРЫНДА

DSC_0085

Ағымдағы аптаның алғашқы күні ауданымыздағы қос елді мекен – Тәтті және Гранитогор ауылдарының тұрғындары үшін ақ түйенің қарны жарылды дейтіндей, қуанышты жаңалықпен бастау алды. Иә, еліміз жаңадан ғана Тәуелсіздік алған өтпелі кезеңнің өкпек желі оңайға соққан жоқ. Ол жылдары өрге басудан гөрі, көптеген саланың төмен қарай құлдырауы мен құлдилауы қатар жүріп, егемендігіміздің баянды болуына қауіп төнетіндей қиындықтар болды.

Тәтті СВА 3                      Андас батыр СВА 4

Адам денсаулығы – алдыңғы орында 2 (2)                        DSC_0041

DSC_0107                       DSC_0104

Нұрсұлтан5                     Дәрменов 6

Адам денсаулығы – алдыңғы орында 2                   DSC_0025

Десек те, ұлт денсаулығы алдыңғы орында тұруы ескеріліп, қат болып жатқан қаржының қомақты бөлігі айтылған салаға ағылғаны да белгілі. Соның белгісі болар, әр елді мекен, әр шалғай ауылдың өзінен медициналық мекемелер ашылып, олар халыққа қалтқысыз қызметтерін көрсетіп жатты.
Міне, ауданымыздағы барлық 14 ауылдық округтегі 45 ауылдың басым көпшілігінде тиісті денсаулық сақтау пункттері бар болса, тап осы медициналық мекемелер жетіспей жатқан Тәтті ауылдық округіндегі Тәтті мен Андас батыр ауылдық округіндегі Гранитогор ауылында да жаңа нысандар ашылып, ел игілігіне берілді.
Алдымен, «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында, құрылысын мердігер «ҚазМұнайҚұрылыс» ЖШС-гі жүргізіп, бір ауысымда 30 адам қабылдайтын Тәтті ауылындағы жалпы ауданы 442, 1 шаршы метр болатын дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанаты өтті.
Оған аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Нәрікбаев, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің уақытша міндетін атқарушы Мейрамбек Дәрменов, Тәтті ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Дінмұхаммед Кәрібаев, медицина саласының қызметкерлері, сонымен қатар, ауыл тұрғындары қатысты.
Нұрсұлтан Нәрікбаев, Мейрамбек Дәрменов және Дінмұхаммед Кәрібаев сынды ресми тұлғалардың құттықтауынан соң, сөз  кезегін алған Тәтті ауылдық округі ақсақалдар алқасының төрағасы Сәбит Байтүгелов, ел жанашыры Белгібай Айнақұлов, сондай-ақ, ауыл ақсақалдары Мейірхан Асанбаев, Елубай Батырбеков, Ерен Ахметов және Орынбасар Данияров және т.б. бас ауырып, балтыр сыздаған жағдайда алыстан ат арылтып, аудан орталығына шабылған ауыл халқы үшін бұл үлкен қуаныш екенін айтып, аудан, облыс басшыларына деген алғыстарын жеткізді.
Дегенмен, ауыл тұрғындарының ендігі базынасы – бұл мекеменің тұрақты бас дәрігері бекітіліп, Тәтті шалғай ауыл болғандықтан, жаңа немесе техникалық жағынан жарамды жедел көмек көлігі берілсе деген ортақ өтініш айтылды.
Сонымен, Белгібай Айнақұлов ақсақалдың батасын алған көпшілік лента қию рәсімінен соң, жобалық-сметалық құны 189 452, 0 мың теңгеге бағаланған, барлығы 11 орта буынды қызметкер 1650 тұрғынға қызмет көрсететін 40 бөлмеден тұратын дәрігерлік амбулатортияның ішін аралап, танысты.
Дүйсенбі күнгі жақсы жаңалық шекаралас аймақта орналасқан Гранитогор ауылында өзінің жалғасын тапты.
Мұнда өткен ауылдық фельдшерлік- акушерлік пункттің ашылу салтанатына аудан әкімі Жорабек Баубеков, округ әкімі Думан Қожамберді, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің уақытша міндетін атқарушы Мейрамбек Дәрменов, ауыл тұрғындары  қатысты.
Сөз алған аудан әкімі Жорабек Нұрмергенұлы гранитогорлықтарды жаңа медициналық нысанның ашылуымен қызу құттықтап, ендігі кезекте, алдағы 2024 жылы тау баурайындағы бұл шалғай елді мекенде клуб үйі салынатынын жеткізді.
Иә, айтса айтқандай, Жорабек Нұрмергенұлының тек өзі ғана емес, бұл алыс ауылға облыс әкімінің соңғы сапары кезінде аталған аймақ басшысын арнайы осында бастап келіп, мұндағы атқарылуы тиіс мәселелерді жергілікті жерде бірге пысықтап, халықтың тұрмыстық-әлеуметтік ахуалын көтерудің негізгі тетіктерін ойластырғанынан бәріміз құлағдармыз. Бұл дегеніміз – жақын кезеңдерде аудан орталығынан шалғай жатқан ауылдардың өзі көркею жолына түспек.
Сонымен, көпшіліктің алғыс сөзінен соң, лента қию рәсімі өткізіліп, аудан әкімі Жорабек Баубеков бастаған көпшілік ФАП ішін аралап, көрді.
Жобалық-сметалық құны 94754,0 мың теңге болып, құрылысын мердігер мекеме «Тараз-Даниал және К» ЖШС-гі жүргізген, жалпы аумағы 103,9 шаршы метрді құрайтын аталмыш нысан 10 келушіге арналыпты. Мұнда 1040 тұрғынға ФАП-тың арнайы 10 бөлмесінде 5 медициналық маман сапалы қызмет көрсете алады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында тап осы денсаулық сақтау саласына біршама тоқталып өтті.
«Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек» – деген Мемлекет басшысы келесі жылдан бастап, ұлттық жобаны жүзеге асыруды тапсырды.
Осы тұста көпшілікпен бөліскім келетін жағымды жаңалық – аталған ұлттық жоба аясында еліміздегі 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарып, ауданаралық көпбейінді мекемеге айналмақ. Бір қуанарлығы, оның ішіне біздің аудандық орталық аурухананың да кіруі күтілуде. Онда заманауи сипаттағы инсульттен емдеу орталығы, хирургия, жансақтау және оңалту бөлімдері ашылады. Бұл меркіліктер үшін өте тиімді болмақ.

Әлихан  НҰРАЛИЕВ,
«Меркі  тынысы».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *