КӨКТЕМНІҢ БІР КӨРІНІСІ – ТАЛ ОТЫРҒЫЗУ

IMG_20230318_102552

Бүгін, Наурыз мерекесінің қарсаңында, орталық Меркі ауылында аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлының бастауымен тал отырғызу акциясы өтті.

Игі шараға аудан әкімінің орынбасарлары Қайрат Рахымбайұлы, Нұрсұлтан Бақытжанұлы, Байсейіт Жылысбаев бастаған аудан ардагерлері, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары, Ғазиз Доғдырбайұлы бастаған Меркі ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері және Жастар ресурстық орталығының жастары қатысты.

Ауызбіршілік пен ынтымақтың жарқын көрінісі болған шарада орталық Ә.Ысмайылов көшесінің бойына 50 дана Қырым қарағайының көшеті отырғызылды.

IMG_20230318_104045

Алғашқы талды отырғызған аудан әкімі жаңару мен жасару мезгілінде осындай тал отырғызу сынды қоршаған ортаға пайдасы зор шараларды өткізуді дәстүрге айналдырудың маңыздылығына тоқталды. Ардагер ақсақалдармен осы бағытта ауданымызда жүргізілетін жұмыстардың жоспарымен бөлісіп, олардың ой-пікірлерін тыңдады.⠀

Сонымен қатар, Жорабек Нұрмергенұлы отырығызылған талдарды ары қарай күтіп ұстау бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *