Аудан әкімі Руслан Нұрсипатовтың Ұлыстың Ұлы күні – 22-наурыз мерекесімен құттықтауы.

271103934_768565864060064_7732452536307493537_n

Құрметті меркіліктер!
Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Наурыз – көктемнің алғашқы айы, құт-береке бастауы, Күн мен Түннің теңесетін
уақыты. Наурыз мерекесі күллі Шығыс халықтарына ортақ, жаңа жылдың бастауы, қайнар
тіршіліктің көзі болып табылады. Айналаның жаңарып, барша тіршілік иесінің түлейтін,
ырзық-несібенің молаятын кезі десек артық айтқандық емес. Халқымызда: «Әз-Наурыз
келгенде Қазақтың сайын даласын Қыдыр ата кезіп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет
сыйлайды. Самарқанның көк тасы еріп, қасиетті қара жер, қара топырақ бусанады» деген
тамаша сенім бар.
Наурыз мерекесі халқымыз үшін өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілейтін,
барша ел ауызбіршілікте болатын қасиетті мейрам болып келеді. Ақсақалдарымыз: «Ұлыс
оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барсаң жол болсын!» деп ақ батасын берген. Сондай-
ақ, ұлан-байтақ жерімізде жеті түрлі дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр,
әдеп ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күні тойланатын болған. Егемен елімізде
бұл дәстүр жалғасын тауып отыр. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деп дана халқымыз
бекер айтпаса керек. Наурыз – еліміздің берекелі бірлігі, ырысты ынтымағы мен ұйыған
татулығының мерекесі.
Ғасырлар бойы ұрапақтан-ұрпаққа дәріптеліп келген Наурыз мерекесін одан әрі
ұлықтау – Тәуелсіздігіміздің тұтқасы болған өскелең ұрпақтың бойына рух беріп, ұлттық
құндылықтарымыздың қадір-қасиетін арттырары сөзсіз. Ізгілік пен жақсылықтың жаршысы
болған халықтық мерекеміз ел бірлігінің берік іргетасы, бейбітшілігіміздің бұлтартпас
кепіліне айналғаны анық. Ендеше, Наурызбен нұрланған әрбір таңымыз арайлы, күніміз
шуақты болсын!
Қадірлі жерлестер!
Осынау жаңа жылда баршаңызға жетістіктеріміз мен жеңістеріміз көп болсын. Ұлыстың
Ұлы күні халқымызға молшылық пен татулық әкелсін. Наурыздың шуағы жанұяларыңызға
жылулық пен ізгілік нұрын төксін. Еліміз тыныш, бірлігіміз берік болып, ынтымағымыз арта
берсін. Әрбір жаңа күн барлық отбасыға шадыман шаттық, бақ-береке сыйласын!
Наурыз мерекесі құтты болсын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *