СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА – ЖОЛ ЖОҚ!

Арғы аптаның сейсенбісі күні «AMANAT» партиясы Меркі аудандық филиалының мәжіліс залында аталған филиал жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерінің отырысы болып өтті.

Жиынға партия аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлайым Шағатаева, аудандық филиал жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Клара Рақаева, кеңес мүшелері – Раймонда Қайрақбаева, Нұрлан Сейсенбаев, Ерғали Қалысбаев, Ержан Далиев, сондай-ақ, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Қанат Дәрімқұлов, Меркі АПБ-нің Жергілікті  полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Айдос Майнауысов пен патрульдік полиция инспекторы Нұрбек Әметқұлов, орталық «Меркі ата» мешітінің найб имамы Үсен Тілеубердиев, аудандық пошта байланыс торабының басшысы Ердос Өмірқұлов, «Азаматтарға
арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша аудандық бөлімінің HR менеджері Гүлнұр Болат, аудандық орталық аурухананың психолог-маманы Мадина Жамбаева және т.б. қатысты.
Кеңес отырысы жұмысын ашқан жиын төрайымы Клара Рақаева Жаңа Қазақстанды құру жолында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсер ететін басты дерт – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен ол бойынша атқарылып жатқан және алда тұрған жоспарлармен таныстырған соң, күн тәртібінде тұрған 2 мәселені ортаға салды.
Аталған мәселелердің бірі бойынша аудандық пошта торабының басшысы Ердос Өмірқұлов есеп берді.
Ердос Байболатұлы барлығы 79 қызметкері бар пошта мекемесінің тыныс-тіршілігі және халыққа көрсететін қызмет түрлерімен таныстыра келе, биыл Кеңес, Сұрат ауылдық пошта үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстарын, ал, басқа да барлық ауылдық пошта ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге ұсыныс берілгенін айтты.
Одан кейін бүгінгі жиынға байланысты басты тақырыпқа ойысқан Е.Өмірқұлов мемлекеттік қызмет стандарттары бойынша пошта қызметкерлері арасында, сонымен қатар, мем лекеттік органдармен бірлескен жи налыстар, дөңгелек үстелдер мен түрлі семинарлар бекітілген кестеге сай өт кізіліп тұратынын жеткізді.
Келесі сөз алған ХҚКО өкілі Гүлнұр Болат қазіргі кезде ХҚКО арқылы аудан тұрғындарына жалпы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес соңғы енгізілген өзгерістер бойынша 1323 қызмет түрі көрсетілетінін ортаға салды. Ал, енді аталған мекеменің тақырыпқа сай, яғни, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстарына тоқталсақ, мекеме басшысы осы ғасыр дертіне байланысты ұжым мүшелерімен күнделікті таңертең жұмыс алдында жиын өткізіп, жемқорлықтың кез-келген фактілерін болдырмау жөнінде нұсқау беретіні айтылды.
Сондай-ақ, Г.Болаттың айтуынша ХҚКО мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, бастамашылдық ақпараттандыру саясаты бекітілген.
Ұжымдағы нақты істерді тізіп жаз сақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Ж.Тойшыбековтың келісуімен бекітіліп, 2022 жылға арналған халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша бірлескен семинар-кеңес өткізу кестесіне сәйкес наурыз айында аудан прокуратурасы өкілдерімен, сәуір айында «AMANAT» партиясы аудандық филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерімен, сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар өткізілген екен.
Жоғарыда аталған есеп беруші баяндамашыларға кеңес мүшелері тарапынан түрлі сұрақ-сауалдар беріліп, оған тұщымды жауаптар алынған соң, қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданды.

Әлихан  АТЫХАНҰЛЫ,
«Меркі  тынысы».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *