ЖАҢА ДҮКЕН АШЫЛДЫ НЕМЕСЕ ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒАДА САПАЛЫ ТАУАР АЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ, «АЛАТАУҒА» КЕЛІҢІЗ!

Бата беру 1 (үлкен 2 колонкаға)

Лента қию 2 (үлкен 2 колонка)                            Дүкен иелері 3 (3 колонка)

Жақында  Меркі ауылдық округінде  «ALATAU family shop» атты  балаларға арналған киім- кешек пен басқа да күнделікті  тұрмыстық-шаруашылық  тауарлардан тұратын әмбебап  дүкені ашылды.

Касса 4 (улкен 2 колонка)                         Здание 5

Касса 6                     Дет киім 7

Ойыншықтар 8                 Киімдер 9

Ауданымызға белгілі жеке кәсіп иелері, ерлі-зайыпты Санат Қыпшақбаев пен Маржан Абылайбекқызының ашқан дүкенінің пайдалы аумағы 1,5 мың шаршы метрді (50х32) құрайды екен. Мұнда келушілерге заманға сай, ыңғайлы қызмет көрсету мақсатында 8 адам тұрақты жұмысқа тартылған.
Дүкеннің ашылу салтанатында сөз алған Санаттың ата-аналары Көптілеу Қыпшақбаев пен Абайкүл Сейдашқызы:
–Құрметті халайық! Қазіргі жұрттың сұранысы мен қажеттілігі арта түскен кезеңде тұтынушыға лайықты қызмет жасау керек, ол заманның талабы. Осы орайда, сіздер үшін, артық рет орталықтағы базарға сабылмай, сапалы әрі қолжетімді бағадағы түрлі тауарды осы «Райгаз» шағын ауданынан сатып алу мақсатында мына жаңа дүкеннің есігі айқара ашылып отыр. Мұнда әр отбасы үшін аса қажетті тауардың сан алуан түрі бар. Әсіресе, жарық дүниенің қызығы – балаларға арналған киім- кешектің ассортименті жеткілікті, қалаған затыңызды табасыздар. Дүкеннің кең әрі жарық болуы да халық үшін қолайлы болатыны сөзсіз. Бүгін сіздер, яғни, халық үшін әр сатып алған затқа 10 пайыздық жеңілдік бар, соны пайдаланыңыздар, – деді.

Ал, бүгінгі қуанышты сәтке көршілес Қордай ауданынан келген Маржанның ата-анасы Абылайбек Бағаев пен Күлбайра Бағаева да жиналған ел алдында көпшілікті жаңа дүкеннің ашылуымен құттықтап, осындай сауда орындары көптеп салынса, бәсекелестік заңдылығы бойынша тауарлардың  бағасы да төмендейтінін жеткізді. Міне, осы жоғарыда аталған ел ағалары дүкеннің лента қию рәсімін өткізген соң, жиналған жұрт дүкен ішінде керекті заттарын сатып алып жатты. Олардың бірі, сарымолдаевтық Нұрлан Шалбаев пен Айнұр Молдабаева ұлдары Бағжанға арналған күздік киім-кешектер алып:
– Біздер балалы-шағалы болғандықтан, базарға жиі барамыз. Бүгін байқағанымыз, мұндағы киім-кешектердің түрі көп және бағаларының базар нарқынан әлдеқайда төмен екенін көріп тұрмыз. Міне, қажетті заттарымызды көптеп сатып алдық. Бүгінгі күні тауар бағаларының 10 пайызға төмен болғаны да халық үшін әжептеуір қолдау екенін де айтып өтейік. Дүкен иелеріне деген алғысымыз шексіз. Сонымен қатар, сатушы қыздарға да рахмет, олар бір електен өткендей өте мәдениетті әрі биязы екен, – дейді.
Ендігі кезекте, халық үшін ыңғайлы  дүкен ашқан отағасы Санат Қыпшақбаев жайлы аз-кем тоқталып өтсек.
Ауданымыздың құрылыс-сәулет саласының өркендеуіне қосқан айтарлықтай үлесі бар, бұл күндері зейнет жасындағы Көптілеу Қыпшақбаев (Кезінде партия-кеңес қызметтерінде ерен еңбектерімен танылған Шымкент Қыпшақбаевтың ұлы) ағамыз бен дәріхана жүйесінде қызмет атқарған Абайкүл Сейдашқызының (Ұлы Отан соғысы кезінде аса мергендігімен көзге түскен снайпер Сейдаш Қалманбетовтың қызы) тәлім-тәрбие алған Санат Көптілеуұлы кезінде Бішкек қаласындағы Қырғыз Ұлттық университетін юриспруденция мамандығы бойынша бітірген екен. 2005-2013 жылдары аралығында аудандық кірістер басқармасында, алдымен, маман, кейінірек бөлім басшысы қызметтерін атқарған Санат одан кейінгі жылдары Қырғыз политехникалық университетінде білім алған жұбайы Маржан екеуі замана ағысымен кәсіпкерлік саласына бет
бұрып, аудандық орталық аурухана жанындағы «Алатау» азық-түлік дүкенін ашқан болатын.
– Солайша, біраз жыл сауда саласында тәжірибе жинақтағандықтан, бизнесімізді кеңейте түсу мақсатында жалпы аумағы мың жарым шаршы метрді құрайтын  осы сауда нүктесін ашып отырмыз. Оның құрылысы 1,5 жылға созылды. Кәсібімізге тиесілі барлық жұмысты жұбайым Маржан екеуіміз (суретте) біріге ақылдасып жүргіземіз. Бұл кәсіптегі ең басты ұстаным – ол халыққа адал қызмет ету, олардың сұранысына лайық тауар түрлерін көбейтіп, қолжетімді бағада өткеру мен әр тұтынушының қажеттілігін дер кезінде орындау деп түсінемін. Осы ретте, дүкендегі сатушылардан да әрбір келушіні тұлға ретінде қарсы алып, оларға сауда жүйесінің барлық талаптарына сай қызмет жасауды міндеттейтінім бар. Сондықтан болар, жаңа дүкенге бұрыннан өзімде жұмыс істеген тәжірибелі сатушы- мамандар – Жансая Рахымбекқызы, Зарина Рақышева, Меруерт Есенбекова сынды өз істерінің білгірлерін тарттым – дейді, Санат Көптілеуұлы өзара әңгіме барысында.
Негізі, адам баласын көркем көрсететін дара қасиет – ол қарапайымдылық. Ал, қол жеткен белгілі бір дәрежені пайдаланып, асып-тасу мен өзін артық рет жарнамалау – бұл адам баласының «аласалығын» анық байқатса керек.
Осы орайда, өздері ашып айтпағанымен, ел ішінде көп жүргендіктің пайдасы болар, ерлі-зайыпты кәсіпкерлер Санат Көптілеуұлы мен Маржан Абылайбекқызының демеушілік жасауға да жақын жүретінін жұрт арасында есітіп қалатынмын.
Мысалы, күні кеше өткен Сыпатай батырдың 240 жылдығы тойының жоғары дәрежеде өтуі үшін қомақты қаржы ұсынған Қыпшақбаевтар жанұясы «Мектепке жол» республикалық акциясы кезінде былтыр 3 оқушыны мектеп формасы және кеңсе тауарларымен толық қамтамасыз етсе, биыл да осы сауабы мол үрдістен айнымай, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының 3 оқушысын жаңа оқу жылына түгелдей дайындағаны белгілі. Міне, ойда жүрген осы  демеушілік көмектерді де «жақсының  жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, орайы келгенде жазып өтуді  жөн санадым.
Сонымен, ауданымызда тағы бір жаңа дүкен өз есігін айқара ашты. «Көп естігеннен гөрі, бір рет көрген жақсы» деген тәмсілді ұстанып, сапалы тауарды қолжетімді бағада алғыңыз келсе, «Алатауға» барыңыз, тауар түрін көріңіз!

Әлихан  НҰРАЛИЕВ,
«Меркі  тынысы».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *