МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Кеше аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлының төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.

Кеңесте мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар қаралды.

Бұл бойынша жыл басынан бері атқарылған жұмыстар және аудан әкімінің аппараты жүргізген ішкі бақылау жұмыстарының нәтижелері туралы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Айрат Танкеев баяндады.

2022 жылдың 9 айында ауданның жергілікті атқарушы органдарымен 14 740 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде, электронды түрде – 12 206 қызмет (82,8 %), мемлекеттік корпорация арқылы – 2464 қызмет (16,7 %), қағаз түрінде – 70 қызмет (0,5 %) көрсетілген.

Аудан әкімі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер заңға сәйкес уақтылы әрі сапалы көрсетілуі қажеттігін айтып, ауыл әкімдеріне округ әкімдіктерінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге бір ғана емес, бірнеше маман жауапты болуы қажеттігін тапсырды. Мамандардың біліктілігін арттыру бойынша ұсыныс болса қолдайтынын жеткізді.

Сондай-ақ, жер қатынастары бөлімінің басшысы Данияр Нұрпейісов 2022 жылғы 9 айында жер қатынастары бөлімімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы баяндады.

Жыл басынан бері жер саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары арқылы жалпы 1250 қызмет көрсетілген.

Жорабек Нұрмергенұлы аудан әкімі аппаратының басшысы Амангелді Нәметқұловқа жер саласындағы жалпы ахуалды тексеруді тапсырды. Сондай-ақ, жер бөлімінің басшысына бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Сонымен қатар, кеңесте орман және жануарлар дүниесін қорғау бойынша өзекті мәселерді шешу жолдары, аудандағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыстарының барысы және мамыр-қыркүйек айларындағы аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы мәселелер қаралды.

Аталған мәселелер бойынша орман шаруашылығының басшысы Жасұзақ Ибраймов, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Мейрамбек Дәрменов және аудан әкімі аппараты кеңсе бөлімшесінің басшысы Рахат Тәжиева баяндады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *